СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 06 қазандағы № 356-ҮІ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 16-бабының 3-тармағына сәйкес «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелер айқындайды, олардың негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады».

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТЫҢ

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаты компанияда сыбайлас жемқорлықты тудыруы және (немесе) тудыруы мүмкін себептер мен жағдайларды жою болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың міндеттері оның ішінде алдын алу, жолын кесу және азайту жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады:

ØКомпания қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлері мен көріністеріне төзбеушілікпен сипатталатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру.

 ØКомпания қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне тарту тәуекелін барынша азайту.

ØСыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға кінәлілерді жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету.

 ØОның Лауазымды адамдары мен қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардан келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз ету.

 ØКомпаниядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі құқықтық тетікті құру.

 Ø«Жедел желі» сенім телефоны +7(7212) 56-28-30

Ø«Жедел желі» электрондық поштасы  zh.eskenova@kar-su.kz.

 Өтініштің құпиялылығына кепілдік беріледі.

 

             Құқықтық реттеу және комплаенс

қызметінің басшысы                               

Ескенова Жұлдыз Берикболовна