Құқықтық реттеу және комплаенс қызметі

Қарағанды қаласының, құрметті, тұрғындары және «Қарағанды Су» ЖШС әріптестері!

«Қарағанды Су» ЖШС құқықтық реттеу және комплаенс қызметінің ресми парақшасына қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 06 қазандағы № 356-ҮІ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 16-бабының 3-тармағына сәйкес «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелер айқындайды, олардың негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс міндетін іске асыру Құқықтық реттеу және комплаенс қызметіне жүктелген, оның құзыретіне компания қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ компанияның ішкі ережелері мен рәсімдерінің талаптарына сәйкестігін ішкі бақылауды жүзеге асыру кіреді.

Құқықтық реттеу және комплаенс қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыруға да жауап береді.

Компанияның лауазымды тұлғалары мен персоналы арасындағы сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың барлық фактілері, олардың тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын, компанияның ішкі нормативтік құжаттарын бұзу туралы хабарламаларды «жедел желі» электрондық поштасына zh.eskenova@kar-su.kzжіберулеріңізді немесе сенім телефонына қоңырау шалыңыз «жедел желі» +7(7212) 56-28-30сұраймыз. Өтініштің құпиялылығына кепілдік беріледі.

 

 

Құқықтық реттеу және комплаенс 

қызметінің басшысы

 

Ескенова Жұлдыз Берикболовна