Су кодексі

Қазақстан Республикасының Су Кодексі

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 Кодексі.

Мазмұны

1-БӨЛIМ. Жалпы ережелер

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздер тиiсiнше "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға", Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына" деген сөздер тиiсiнше "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2007.01.09 № 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), бүкіл мәтін бойынша "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға" "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органда" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органмен", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға" "уәкілетті органда" деген сөздермен ауыстырылды - 2009.02.12 № 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. 
      Ескерту. Мазмұнға өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.12 
№ 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "жануарлар мен өсімдіктер" деген сөздер "өсімдіктер мен жануарлар" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2012.01.25 
№ 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-тарау. Негізгі ережелер

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) ағын су - ойпаңды жер бетінде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектісі;

2) акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі;

2-1) ауызсу – сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауызсу және шаруашылық-ауызсу мұқтаждарына арналған табиғи күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі су;

3) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері - су тұтынушылар үшін ауыз сумен жабдықтаудың олардың ауыстырылуы мүмкін емес және мақсатқа сай келмейтін бірден-бір көздері;

3-1) ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтау (бұдан әрі – ауызсумен жабдықтау) – ауызсуды алуды, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және су тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс;

3-2) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін иеленушілер арасында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу орны, бұл схемаларда көрсетіледі;

4) басқарудың бассейндік принципі - өзендердің, көлдердің және басқа да су объектілерінің бассейндері шегінде су ресурстарын әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында бөлу кезінде іске асырылатын су қорын гидрографиялық белгілер бойынша басқару;

4-1) бөгет – судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуiш гидротехникалық құрылыс;

4-2) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау – заңды тұлғаның бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындауға құқықтылығын уәкілетті органның ресми тануы;

4-3) бөгеттің қауіпсіздігі – бөгеттің апаттық бұзылудан қорғалу жай-күйі;

5) гидромелиорациялық жүйе - жерді суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешені;

6) гидромелиорациялық кондоминиумге қатысушылар - ортақ үлестік меншік құқығындағы гидромелиорациялық кондоминиумнің құрамына кіретін бір гидромелиорациялық жүйемен немесе оның элементтерімен суарылатын жеке меншік немесе уақытша өтеулі пайдалану құқығында жер учаскесі бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

6-1) гидромелиорациялық іс-шаралар – гидромелиорациялық жүйелер, сондай-ақ жеке орналасқан гидротехникалық құрылыстар көмегімен топырақтың су режимін реттеу;

7) гидротехникалық құрылыстар - су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;

7-1) елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйесі – су тұтынушыларды ауызсумен қамтамасыз етуге арналған су тарту құрылыстарын, су құбырын тазартқыш құрылыстарды, таза су резервуарларын, су құбырының сорғы стансалары мен желілерін біріктіретін, өзара байланысты су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешені;

8) жағалау белдеуі - экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған су объектілері жағалауының бойындағы жағалау жиегінен ені жиырма метр құрлық белдеуі;

9) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;

AttachmentSize
Microsoft Office document icon vodnyy_kodeks.doc827.5 KB