Су бұру қызметі

Су бұру желілері. Кәсіпорын балансындағы су бұру желілерінің жалпы созылымдылығы 673 км. Су бұру бойынша қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз ететін, құрылыстың негізгі бөлігі ХХ ғасырдың 70 жылдардың соңында – 80 жылдардың басында құрылған болатын.

Кәріз сорғы станциялары. Кәсіпорын балансында 9 кәріз сорғы станциялары (КСС) бар. 2013 жылы инвестициялық бағдарлама бойынша «Grundfos» фирмасының тиеу сорғыларымен бірге №3 және №4 екі модульді кәріз сорғы станцияларының жаңартылуы іске асырылды. Модульдік кәріз сорғы станциясы толығымен автоматтандырылған, ағын сулардың (толтырылу көлемі және деңгейі) ауытқуына айқындалған шамаларына бапталған, адамның тікілей қатысуын шектейді (сорғылардың қосылуы және ажыратылуы үшін), электр қуатына кететін шығындарды шектейді (жиілікті реттеу). Ағын ауытқулары үрдісі үздіксіз сипатқа ие, модульдік кәріз станциясы жинақты. Модульдік сорғы станцияларының корпусы тот баспайтын материалдан құралған, жоғары беріктікке ие, қондырғының қызмет көрсету мерзімін барынша ұлғайтады. Модульдік кәріз сорғы станциясын басқару панелі Интернет желісі арқылы сорғы станциясының жұмысына бақылау жасау мүмкіндігінен тұрады. Станцияның кешенді (мобильді) типі барлық қондырғыны сыртқы құрылыстарсыз, станция ішіне орналастыруға мүмкіндік береді. Модульдік кәріз сорғы станциясының жұмысы толығымен автоматты тәртіпте жүргізіледі. Жаңа модульдік сорғы станциясының жұмысы толығымен автоматты тәртіпте жүргізіледі. Жаңа модульдік кәріз сорғы станцияларының шеф-монтажын «Эргономика» фирмасы іске асырады.

Аэрация станциясы  (кәріз тазалау құрылыстары) Қарағанды қаласы және Ақтас кентінің кәріз ағындарының механикалық және биологиялық тазалауын жүзеге асырады. Тазартылған ағын сулар Соқыр өзеніне ағызылады. Жобалық қуаттылығы 232 мың м3/тәул., нақты – 169 мың м3/тәул. Аэрация Станциясындағы ағын суларды тазалау тиімділігі құрылыстың барлық кешенінің техникалық жай-күйіне тікілей тәуелді.

Ағын суларды тазалау технологиясы.

Түсуші ағын су қабылдау камерасына түседі. Ағын камерасынан бас сорғы станциясының тырнауыш бөліміне түседі. Тағайындалуы – технологиялық нысандарға түсуі сорғылардың сынуына алып келуі мүмкін ірі лақтырындыларды ұстап қалу. Қондырғының тырнауыш бөлімі үш торлармен жабдықталған. Бұдан әрі ағын су құм аулағыштар, бірінші тұндырғыш, аэротенктер, екінші тұндырғыштар, тазалауға дейінгі тоғандар (биотоғандар) секілді технологиялық нысандарға түсетін ағындарды айдау үшін арналған бас сорғы станциясына (БСС) келіп түседі.

  1. Құм аулағыштар: тағайындалуы – ағын сұйықтығынан минералды заттарды (құм, қож, шыны және т.б.)
  2. Бірінші тұндырғыштар: тағайындалуы – ағын судан тартылыс күші әсерінен тұуға қабілетті салмақты заттарды жоб және тұндырғыштың үстіңгі бетінен жүзіп жүрген заттарды жою. Осы кезеңде механикалық тазалау аяқталады және биологиялық тазалау басталады
  3. Аэротенк. Ағын су мен белсенді тұнба қоспасы ауамен қанығатын, көлемі 20 500 м3резервуар ретінде ұсынылады. Аэротенктерде қышқылдандырғыш рөлін қуаттану қайнары ретінде ағын суларда органикалық заттарды қолданылатын бактериялар орындайды. Аэротенктерде биологиялық қышқылдану қалыпты барысын қамтамасыз ету үшін «Полипор» заманауи аэрациялық жүйе көмегімен барлық көлем бойынша таратылатын ауаның үздіксіз берілуі қажет. «Полипор» заманауи аэрациялық жүйесі 2010 жылы аэрация станциясына енгізілген болатын, бұл органикалық ластанулар бойынша тазалау үрдісін жақсартты және электр қуаты шығынын қысқартты.
  4. Екінші тұндырғыш: тағайындалуы – тазартылған ағын суды белсенді тұнбадан ажырату. Тұнбаланған белсенді тұнда тұнба сорғыштар жүйесі көмегімен жойылады және аэротенк регенираторына және аэробты тұрақтандырғышқа ішінара қайта оралады.
  5. Биологиялық тоғандар: тағайындалуы – табиғи шарттарда биологиялық жете тазалау. Биотоғандардың иеленіп жатқан ауданы – 40 га. Биотоғандарда жете тазалаудан кейін су ШРБ (шектеулі рұқсат етілетін босату) сәйкес келеді және Соқыр өзеніне лақтырылады. Аэрация станциясының лабораториясы станциясының технологиялық нысандарының жұмысына тұрақты бақылауды жүргізеді.

 

2013 жылы кәсіпорын кәріз желілерінің қайта жаңартудың заманауи әдісі – бұзу әдісін енгізді. Бұл әдіс құбырды ауыстырудың барынша тиімді траншеясыз әдістерінің бірі болып табылады және бір циклде тозған желілерді жаңа полиэтилен желілерге ауыстыруға мүмкіндік береді.

 

Құбыр жолдарының телевизиялық инспекциясына арналған қондырғы құбыр жолдарының қолданыстағы жағдайын анықтау, тесіктердің бар екендігіне желілердің барынша қауіпті аумақтарын табу, апат себептерін анықтау және уақыттылы шараларды қабылдау үшін қолданылады.