«ҚАРАҒАНДЫ СУ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ІСКЕРЛІК ӘДЕП КОДЕКСІ

Мақсаты

 

Іскерлік әдеп кодексі компанияның барлық мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимылының этикалық жағын, корпоративтік қатынастардың этикалық нормаларын, сондай-ақ этикалық нормалардың күнделікті қызметке және олардың қызметкерлеріне әсерін реттейтін құжат болып табылады.

ІСКЕРЛІК ӘДЕПТІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ

üҚұзыреттілік және кәсібилік

Біріншіден, компания жұмысының нәтижесі кәсіби тұрғыдан мінсіз болуы керек.

üАдалдық пен ашық пікір

           Адалдық пен ашық пікір - компания қызметінің, оның іскерлік беделінің «іргетасы».

Жеке мүдделер мен кәсіби қызмет арасындағы қақтығысқа жол бермеу.

üЖауапкершілік

Жауапкершілік – компания қызметінің сапа кепілдігі.

üАдамның жеке басын құрметтеу

Өзара құқықтарды сақтау – сындарлы жұмыстың қажетті шарты.

    ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ.

Құпия ақпаратқа қол жеткізе алатын қызметкерлер оны осындай ақпаратқа қол жеткізе алмайтын басқа қызметкерлерге, сондай-ақ кез келген үшінші тұлғаларға жария етпеуге тиіс.  

    МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ.

Компания қызметкерлері Өзіне компанияның корпоративтік ресурстарымен, лауазымдық міндеттерімен және /немесе лауазымдық міндеттерін орындау салдарынан алған ақпаратымен берілген мүмкіндіктерді, өз мүддесінде немесе жеке пайда табу үшін пайдаланбауға тиіс.

 

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі Әдістемелік ұсынымдар негізінде жасалған. 2020 жылғы «30» желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы А.Ж. Шпекбаевпен бекітілген