«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Новое обращение пользователя Аубакирова Баркут

ID - 6161

Сұрақ

Құрметті Исаев Д. мырза! Мен, Аубакирова Баркут Ахметовна, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, Дружба көшесі 106 үйдің тұрғынымын. Білім беру саласында 40 жылдан артық еңбек еттім. Қазіргі уақытта зейнеткермін. Жолдасым 2012 жылы қайтыс болған. Орталық су қубырына 2009 жылы өз қаражатыммен қосылдым. Суға берешегім жоқ. Дер уақытында төлеп келем. Ал 2013 жылы орталық кәріз (сети канализации) қүбырына қосылуға рұқсат алдым (тіркеу №О-3374 26.06.2013ж.). Бірақ осы уақытқа дейін қаражат тапшылығына байланыста қосылуға мүмкіндігім болмай жүр. Осы өтінішім арқылы Сізден орталық қәріз құбыры қосылуға жәрдем беруіңізді сұраймын. Өтінішім аяқсыз қалмайды деп сенім білдіремін.

Жауап

Құрметті Баркут Ахметовна! 

«Қарағанды Су» ЖШС Қарағанды, Теміртау қалалары мен Ақтас ауылы тұрғындарына сумен қамтамасыз ету мен су бұру қызметтерін көрсету бойынша табиғи монополиялар субъектісі болып табылады. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополиялар мен бәсекелестікті қорғауды реттеу бойынша Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті бекіткен тарифтік сметасы «Қарағанды Су» ЖШС-нің шығындары мен кірістерінің көзі болып табылады. Тарифтік смета баптарының орындалуы өкілетті мемлекеттік органдардың катаң қадағалауында. Кәсіпорынның тарифтік сметасында қайырымдылық көмек көрсету бабы қарастырылмаған. 

Жоғарыда айтылғандар негізінде, «Қарағанды Су» ЖШС-нің сіздің мәселеңізді шешуде жәрдем беруге қаржылық мүмкіндігі жоқ екендігін хабарлаймыз.