«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Тұтынушыларды қабылдау кестесі

 «Қарағанды Су» ЖШС басшылығының тұтынушыларды қабылдау кестесі

 «Қарағанды ​​Су» ЖШС бас директоры Унгарбаев Жолдасбек Қасымұлы

Қаблыдау күндері: айдың екінші бейсенбісі 15.00 сағат

Қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі .

Телефон  арқылы жазылу: 8 (7212) 56-19-14 (ішкі 1104 немесе 1208)        

------------------------------------------------------------------------------------------------

Бас инженер Кудашбаев Кайролла Дүйсенбайұлы

Қабылдау күндері: айдың бірінші және төртінші сейсенбісі 16.00 сағат

Қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі .

Телефон  арқылы жазылу: 8 (7212) 56-19-14 (ішкі 1104 немесе 1208)        

---------------------------------------------------------------------

Қабылдауды бас директордың құқықтық мәселелер және сату қызметі бойынша орынбасары Ескенова Жұлдыз Берікболовна  жүргізеді

 

Заңды тұлғалар

Сейсенбі

 10.00 - 11.00

Жеке тұлғалар

Сәрсенбі

 10.00 - 11.00

 

Қабылдау 56-20-00 телефоны немесе

Пригородная көшесі, 2В кеңсесінде  алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі

 

(жазылғанда міндетті түрде мекен-жайды, заңды тұлғаның атауын/жеке тұлғаның аты-жөнін, телефон номерін және сұрақ мазмұнын айту керек)