Новое обращение пользователя Аубакирова Баркут

ID - 6161

Question

Құрметті Исаев Д. мырза! Мен, Аубакирова Баркут Ахметовна, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, Дружба көшесі 106 үйдің тұрғынымын. Білім беру саласында 40 жылдан артық еңбек еттім. Қазіргі уақытта зейнеткермін. Жолдасым 2012 жылы қайтыс болған. Орталық су қубырына 2009 жылы өз қаражатыммен қосылдым. Суға берешегім жоқ. Дер уақытында төлеп келем. Ал 2013 жылы орталық кәріз (сети канализации) қүбырына қосылуға рұқсат алдым (тіркеу №О-3374 26.06.2013ж.). Бірақ осы уақытқа дейін қаражат тапшылығына байланыста қосылуға мүмкіндігім болмай жүр. Осы өтінішім арқылы Сізден орталық қәріз құбыры қосылуға жәрдем беруіңізді сұраймын. Өтінішім аяқсыз қалмайды деп сенім білдіремін.

Answer

Құрметті Баркут Ахметовна! 

«Қарағанды Су» ЖШС Қарағанды, Теміртау қалалары мен Ақтас ауылы тұрғындарына сумен қамтамасыз ету мен су бұру қызметтерін көрсету бойынша табиғи монополиялар субъектісі болып табылады. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополиялар мен бәсекелестікті қорғауды реттеу бойынша Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті бекіткен тарифтік сметасы «Қарағанды Су» ЖШС-нің шығындары мен кірістерінің көзі болып табылады. Тарифтік смета баптарының орындалуы өкілетті мемлекеттік органдардың катаң қадағалауында. Кәсіпорынның тарифтік сметасында қайырымдылық көмек көрсету бабы қарастырылмаған. 

Жоғарыда айтылғандар негізінде, «Қарағанды Су» ЖШС-нің сіздің мәселеңізді шешуде жәрдем беруге қаржылық мүмкіндігі жоқ екендігін хабарлаймыз.