«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде суды есепке алу аспаптары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларының

Құрметті тұтынушылар!

         «Қарағанды Су» ЖШС-і  Сіздерге 08.08.2025 жылғы «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде суды есепке алу аспаптары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларының» 2-тарау, 1-параграф, 7-тармағына сәйкес, «тексерулер арасындағы белгіленген аралық өткеннен кейін суды есепке алу аспабы коммерциялық есептен шығарылуға жатады және су тұтынушылармен есеп айырысуға жатпайтынын»  хабарлайды. Осыған байланысты,  2026 жылдың наурыз айынан бастап  аталған тұтынушыларға су жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша төлемақы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс Министрінің 16.10.2025 жылғы №441 бұйрығымен бекітілген «Су жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша көрсетілген қызмет көлемін есептеу әдістемесінің» 1-тарау, 10-тармағына сәйкес есептелетін болады. Атап айтқанда: есепке алу аспабы уақытша болмаған және кезекті тексеруге, жөндеуге немесе ауыстыруға байланысты жеткізушінің хабарламасы болған кезде, сондай-ақ тұтынушының кінәсінсіз есепке алу аспабының ақаулығы анықталған кезде көрсетілген сумен жабдықтау қызметтерінің көлемі есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің алдыңғы үш айдағы, бірақ бір айдан аспайтын орташа шығысы бойынша айқындалады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін есепке алу аспаптары болмаған кезде көрсетілген қызметтердің көлемі тіркелген азаматтардың санын ескере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері бекіткен сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша айқындалады.Көрсетілген мерзім өткеннен кейін есепке алу аспабы болмаған жағдайда, көрсетілген қызмет көлемі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері бекіткен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша , тұрғындар санына қарай  есептеледі.

        Осыған байланысты,  тексеру мерзімі өтіп кеткен есепке алу аспабы бар тұтынушылар су есептегіштерін ауыстыруы немесе кезекті тексеруден өткізуі керек.

         Толық ақпаратты тұрғылықты жердегі абоненттік бөлімшелерден ала аласыздыр.

 

 

 «Қарағанды Су» ЖШС абоненттік учаскелері дүйсенбі–жұма күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін — түскі үзіліс.Сенбі, жексенбі — демалыс күндері.

Пришахтинск         53-11-00, 32-66-36, 50-59-92.

Майқұдық               77-95-77, 77-98-78.

Жаңақала                 51-08-46, 50-68-07, 50-03-58

Онтүстік-Шығыс    33-32-70, 33-33-45, 50-20-23, 50-52-58.

            Cортировка              47-32-99

            Ақтас                        8(72317) 5-48-88