«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

IQala пайдалану нұсқаулары

 

Қарағанды қаласы мен Актас поселкесінің тұрғындарының, жеке кәсіпкерлердің, бюджеттік ұйымдардың, заңды тұлғалардың және

 заңды тұлға құрмай жұмыс жасайтын тұлғалардың назарына!

 

 

Сіздерде iQala порталының сайтында «Қарағанды Су» ЖШС-не қашықтықтан өтінімдер берудің мүмкіндігі туып отыр.

        iQala порталы арқылы өтінім беру үшін тек  https://qrg.iqala.kz/ сілтемесі  бойынша кірсеңіз жеткілікті. Әрі қарай экранда iQala порталы сайты ашылып, «Барлық қызметтерді көру» мәзірінде бүкіл қызмет көрсетуші ұйымдар мен олар көрсететін қызмет түрлерінің тізімі шығады, сол жерден «Қарағанды Су» ЖШС-ін және өзіңізге керекті қызмет түрін таңдайсыз.

 

Өтінім беру және порталға кіру туралы егжей-тегжейлі нұсқаулықты мемлекеттік және орыс тілдерінде PDF форматында  https://qrg.iqala.kz/instructions сілтемесінен өзіңізге жүктеп ала аласыз.

iQala порталындағы қолжетімді қызметтер:

 

Тұрғындар үшін

 Салынып жатқан және пайдалануға берiлмеген жеке тұрғын үйлердi сумен жабдықтау желiлерiне қосу үшін техникалық шарттарды алуға өтiнiм беру https://qrg.iqala.kz/assets/instructions/ru/IK1238.pdf

Салынып жатқан және пайдалануға берiлмеген жеке тұрғын үйлердi кәріз желiлерiне қосу үшін техникалық шарттарды алуға өтiнiм беру https://qrg.iqala.kz/assets/instructions/ru/IK1239.pdf

Қолданыстағы жеке тұрғын үйлердi сумен жабдықтау желiлерiне қосу үшін техникалық шарттарды алуға өтiнiм беру https://qrg.iqala.kz/assets/instructions/ru/IK1241.pdf

Қолданыстағы жеке тұрғын үйлердi кәріз желiлерiне қосу үшін техникалық шарттарды алуға өтiнiм беру  https://qrg.iqala.kz/assets/instructions/ru/IK1243.pdf

Жеке тұрған үйге жеке есепшот ашуға өтініш беру https://qrg.iqala.kz/assets/instructions/ru/IK1235.pdf

Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерге жеке есепшот ашуға өтініш беру https://qrg.iqala.kz/assets/instructions/ru/IK1237.pdf

Жеке есепшотты қайта рәсімдеуге  өтініш беру (меншік иесі ауысқан кезде) https://qrg.iqala.kz/assets/instructions/ru/IK1232.pdf

 Жеке кәсіпкерлер, бюджеттік ұйымдар, заңды тұлғалар және

 заңды тұлға құрмай жұмыс жасайтын тұлғалар үшін

Жеке тұрған нысандарды сумен жабдықтау желiлерiне қосу үшін техникалық шарттарды алуға өтiнiм беру https://qrg.iqala.kz/assets/instructions/ru/IK1244.pdf

Жеке тұрған нысандарды кәріз желiлерiне қосу үшін техникалық шарттарды алуға өтiнiм беруhttps://qrg.iqala.kz/assets/instructions/ru/IK1245.pdf   

Көппәтерлі тұрғын үйге қосылып-жалғастыра салынған тұрғын емес жайларды сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосу үшін техникалық шарттарды алуға өтінім беру https://qrg.iqala.kz/assets/instructions/ru/IK1246.pdf

Сумен жабдықтау жүйесін пайдалану жауапкершілігінің  шекарасын бөлу актісін рәсімдеуге өтінім беру https://qrg.iqala.kz/assets/instructions/ru/IK1247.pdf

Кәріз жүйесін пайдалану жауапкершілігінің шекарасын бөлу актісін рәсімдеуге өтінім беру https://qrg.iqala.kz/assets/instructions/ru/IK1248.pdf

Сумен жабдықтау және кәріз суын ағызу қызметтерін алуға келісім-шарт жасауға өтінім беру   https://qrg.iqala.kz/assets/instructions/ru/IK1250.pdf

  https://qrg.iqala.kz/assets/instructions/ru/IK1251.pdf

  https://qrg.iqala.kz/assets/instructions/ru/IK1252.pdf 

  https://qrg.iqala.kz/assets/instructions/ru/IK1253.pdf

 

 

ЖұмсалымӨлшем
Microsoft Office document icon iqala_instrukciya.doc64 KB