Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

Новое обращение пользователя saga

ID - 1757

Сұрақ

Cәлеметсізбе, Сіздің қызметкерлеріңіз Коновалова С.В., Турбекова Г., Абдулаева П., 23.11.2015ж., менің Зелинская 26/1-75 мекенжайы бойынша орналасқан үйіме кіріп, төленбеген берешек қарызым үшін пломба салуға келген. Қызымның ұялы телефоны арқылы аталған қызметкерлер менімен хабарласып, счетчиктің ас үйден, унитаздан, ваннадан айналып тұрғаны туралы, ал не себептен сол счетчик ваннадағы раковинадан айналмайтыны туралы сұрады.Мен білмеймін деп жауап бердім. Енді 20 минут уақыт өткен соң сол Сіздің қызметкерлеріңіз қайта хабарласып, сіздің счетчик неге еденде жатыр деп сұрақ қойды. Ол еденде жатса, Сіз оның айналғанын қайдан көрдіңіз деген сұраққа олар сасқалақтап жауап бере алмай ат тонын ала қашты үйден. Бүгінгі таңда біз берешекті төлегенімен, суды қосқызбай отырмыз, өйткені біреудің үйіне баса көктеп кіріп, мүлігіне қасақана зиян келтіргені үшін аталған қызметкерлеріңіз заңды түрде жауап беруін талап етеміз. Сол кеште келген полиция қызметкерлері, бөлімшеде біз сияқты адамдардың арыздары бар екендігі туралы айтты. Сонда біздің жағдай бір ғана емес, байқамастан бүлінгендік емес болғаны ма?
Мен өзім сот органдарында қызмет ететіндіктен, сот отырысына кететін моральді , материалды шығын көлемінің қаншалықты көп екендігін білемін, сондықтан Сіздің блокқа жазып, сіздің адамгершілік қасиетіңізге үміттеніп отырмын. Қызметкерлеріңіз бүлдірген счетчикті өз мойындарына алып, қайта қойып беруін талап етуіңізді сұраймын. Көрінген адам келіп, мені басынуына қазақтық намысыммен жол бере алмаспын. Құрметпен, Сағыныш. Ерназарқызы

Жауап

Құрметті Сағыныш Ерназарқызы!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылдың 28 ақпанындағы №163 Бұйрығымен бекітілген «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану Қағидаларына» сәйкес:

т. 30 Қызмет көрсетуші тұтынушыға кемінде үш күнтізбелік күн ішінде хабарлай отырып, сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсетуге бекітілген келісімшарт бойынша қызметтердің толық көлемінде, бекітілген мерзімдерде тұтынушының төлем жасамауы жағдайында аталмыш қызметтерді ұсынуды ішінара немесе толығымен тоқтатады.

т. 54 Есепке алу аспаптарын тексеру кезінде қызмет көрсетушінің өкілі олардың көрсеткіштерін алады, қызмет көрсетуші пломбалаған су өлшеуіш торабының айналма сызығында және басқа құрылғыларда орнатылған есепке алу аспабында және ысырмадағы пломбалардың бар-жоғын және тұтастығын тексереді.

Республикалық «Взгляд на события» ақпараттық-жарнама газетінің 15.11.2013 ж. нөмірінде жарияланған сумен жабдықтау және/немесе ағынды суларды бұру қызметтерін ұсынуға ұсынылған Көпшілік келісімшартына» сәйкес:

т. 5.6 Пәтерде немесе жеке үйде орнатылған есептеу аспаптарының сақталуын қамтамасыз ету Тұтынушыға жүктеледі.

т. 6.0 Суды есептеу сызбасын бұзу, басқару тораптарындағы және есептеу аспаптарындағы пломбаларды жұлу, есептеу аспаптарының көрсеткіштерін өзгертіп жіберетін құрылғыларды орнату айғақтарын тапқан жағдайда, Тұтынушыға соңғы тексеріс сәтінен анықтау күніне дейінгі суды пайдалану үшін қайта есептеу жүргізіледі, бірақ тәулігіне 24 сағат бойы әрекет жасағанда басқару торабына дейінгі құбырдың толық өткізгіштік қабілетін есептегендегі екі айдан артық емес.

Жоғарыда мазмұндалғандар негізінде, 23.11.2015 жылы «Қарағанды Су» ЖШС Сату қызметінің Пришахтинскі абоненттік участогының инспектор-бақылаушылары наряд-тапсырма бойынша дебиторлық қарызды өтеу жөнінде халықпен жұмыс жүргізді. 23.11.2015 жылғы жағдайы бойынша Зелинский көш., 26/1, 75-пәтер мекенжайы бойынша қарыз сомасы 4 426 теңге 35 тиынды құраған. Тексеруді жүргізу сәтінде пәтерде Маукентаева Айгүл болған, ол су өлшеу торабын тексеру үшін инспектор-бақылаушыларға пәтерге қол жетімділікті ұсынған. Инспектор-бақылаушылар берешектік үшін суды ажырату туралы хабарландырған. Айгүл ыстық суды есепке алу аспабының бар екендігі туралы хабарламаған. Инспектор-бақылаушылар бөшкеден суды ағызған, алайда есептегіштің тілі айналмаған, бұл инспектор-бақылаушылардың түсініксіздігін туғызған. Сондықтан осы сұрақты нақтылау үшін Сіздің ұялы телефоныңызға қоңырау шалынды. Сіз жағдайды түсіндіргеннен кейін инспектор-бақылаушылар суық суды есепке алу аспабының орналасу орнын анықтаған, есептегіш тұтынушылармен су құбырынан өздігімен шешіліп алынған. Аталмыш жағдай «Сумен жабдықтау және/немесе ағынды суларды қабылдау қызметтерін ұсынуға Көпшілікке арналған келісімшарттың» дөрекі бұзушылығы болып табылады. Бұл факті бойынша, «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану Қағидаларының» 27-т. сәйкес айқындалған бұзушылық туралы акті құрылды және жабық күйінде суық су бұрағышын пломбылау арқылы су өшірілген.

Көпшілікке арналған келісімшарттың 6.0 тармағы негізінде, Зелинский көш., 26/1, 75-пәтер мекенжайы бойынша айқындалған бұзушылықтар үшін тәулігіне 24 сағат ішінде келесінің әрекет етуі жағдайында құбырдың толық өткізгіш қабілетінен басқару торабына дейін соңғы тексеруді жүргізу сәтінен бастап табылған күнге дейінгі, алайда екі айдан астам емес уақытта суды тұтанғандығы үшін қайта есептеу жүзеге асырылатын болады.

24.11.2015 жылы Зелинский көш., 26/1, 75-пәтер мекенжайы бойынша 4000 теңге көлемінде төлем жасалған, ал қарыз сомасы 4 426 теңгені құрайды.

Сумен жабдықтау қызметіне қосылуға рұқсат алу үшін және қарызды төлеу үшін «Қарағанды Су» ЖШС Сату Қызметінің Зелинский көш., 18 мекенжайы бойынша орналасқан Пришахтинскі абоненттік участогына жүгінуіңізді сұраймыз.

Бас директор Зейнұлқабден Т.