«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Новое обращение пользователя Райхан

ID - 1439

Сұрақ

Саламатсыз ба Талгат Кабденович!Мен Зональная көшесінің тұрғынымын. Біздің көшеде қысы жазы сумен мәселе туындайды. Осы айдың өзінде югта 500-ыйда авария деп бірнеше рет жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Унемі демалыста сусыз өткізу қыстың күні қырауда қалай болатынын білсіңіз?? Далада қазір аяз көтеріліп келеді, осы сәтте құбырлар қатса кім сіздің қызметкерлеріңіздің ішінде өз басына жауапкершілік жүктейді?? Ешкім алады деп ойламаймын. Сенбі куні жарты күн су жоқ, бүгін жексенбіде таңертеңнен бері халық сусыз отыр. Осы жағдайдың ешқайсысына алаңдап отырған басшылық жоқ, не болмаса водовоз жіберуге болмас па еді? Судың ақшасын есептегенде сусыз отырған күндердің ешкім есепке де алмайды.Суға ақшаны уақытылы төлейтін болғандықтан, үйімде судың болуын талап етуге құқығым бар. Сіз осы қойылған сауалдарға қазақ тілінде нақты дәйікпен жауап жазып көрсетілген электрондық адреске жіберуіңізді сұраймын.Сізден басқа бұл сұрақты ешкім шешеді деп үміттенбеймін.

Жауап

саламатсиз бе, Райхан !
сауалыныз орынды, шынына келсек сиздин районда бир айдын ишинде уш марте суды токтатуга мажбур болдык,
ол биздин жондеу жумыстарын жургизу себебинен емес, колеми 500-к су кубырында расында тесик пайда болды, оны биз адейлеп тескен жокпыз.
Бугинги куни кала су кубырларынын жагдайы оте нашар, олар оз жумыс истеу кабилетин бален уакытта отеген, сондыктан бундай жагдайлар кыс ишинде жии болады.
Оз жагымыздан колдан келгенше барлык шаралар жасап жатырмыз, бирак барлык кубырларды бир уакытта ауыстыру мумкин емес оны дурыс тусиникпен караныз.
Су кубыр тесигин жондеу алдында кубырдагы барлык суды агызып аламыз ол катуга мумкин емес, егерде кейжерлерде су калып кататын жагдай болса оны жибитетин ыстык бу машинамыз бар. Ол куни су тасыгыш 2-машина жумыс истеп турды, ким де ким ЦДС-ке звондап, мекен-жайын айтып сураса оларга миндетти турде су жеткизилди.
Судын акысын дурыс есеппен толеу ушин суесептегишкуралын орнату кажет, сонда ешкандайда сурак тумайды.
Сизден улкен кеширим сураймыз демалыс кундери ынгайсыздык тудырганымызга, бизге де онай емес какаган кыста суык су ортасында турып тесик жондеу жумыстарын
жургизу !
Шын конилмен, бас директор.

(казакша шрифт болмаганына айып етпениз).