«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Новое обращение пользователя Батиза

ID - 1396

Сұрақ

Құрметті Зейнұлқабден Табиғат Қабденұлы сізге хат жазудын себебі біздің Сұрыптау бекеті Жұмысшылар кентінде жаңа құбырлар тартуына байланысты Қарағанды қаласы Октябрь ауданы Деповская 100 үйге су қоса алмай отырмыз. Біздің үй ескі құбыр бойынша суға қосылған тұғын, жаңа құбырды қосқанда ескі құбырдағы суды қоспаған. Сұрыптау бекетінің су басқармасына хабарласып ешқандай нәтиже көре алмай отырмыз. Олар өздеріңіз қосасыздар дейді. Неге біз өзіміз қосуымыз керек, біз ескі құбыр бойынша келісім шарт жасасып суды үйге кіргізгеміз, ал жаңа құбыр қосылғалы үйде су жоқ, Сұрыптау су басқармасының бастғына хабарласа алмаймыз 47-11-16 номері бойынша хабарлассақ бастыққа қоспайды, ал телефон көтерген адамдарға айтсақ ол сіздің мәселеңіз, өзіңіз қосып алыңыз дейді. Осыған бір шешім айтарсыз деген үмітпен жазып отырмыз.

Жауап

УВАЖАЕМАЯ БАТИЗА!

Строительство водопроводной линии по ул. Деповская в поселке Сортировка проводила подрядная организация ТОО «Темир–Зат», заказчик работ ГУ «Отдел строительства города Караганды».
Вы можете самостоятельно провести работы по подключению частной врезки в новый водопровод, либо обратиться в другие сторонние организации или в ТОО «Караганды Су», которое также может производить работы на частных врезках согласно перечня видов иной деятельности, согласованного с Департаментом Агентства РК по регулированию естественных монополий по Карагандинской области.

Генеральный директор Зейнұлқабден Т.

ҚҰРМЕТТІ БАТИЗА!

Сұрыптау кентіндегі Деповская көшесі бойынша су құбыры желісінің құрылысын «Темір-Зат» ЖШС мердігерлік мекемесі жүзеге асырған, жұмыстардың тапсырыс берушісі «Қарағанды қаласы құрылыс бөлімі» ММ болып табылады.
Сіз жаңа су құбырына жеке қосылу бойынша жұмыстарды өздігіңізбен жүргізе немесе өзге тарапты мекемелерге немесе Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен келісілген өзге қызметтердің тізіміне сәйкес жеке қосылулар бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын «Қарағанды Су» Жауапкершілігі шектеулі Серіктестігіне жүгіне аласыз.

Бас директор Т. Зейнұлқабден