Сумен қамту және су бұру желілерінде түгендеу (инвентаризация)

Қарағанды ​​Су» ЖШС тұтынушыларының назарына -  заңды тұлғалар !

Сумен қамту және су бұру қызметтерін рұқсатсыз пайдалануды болдырмау, су ысыраптарын азайту, объектілерді сумен жабдықтау жүйесіне қосу схемасына өзгерістер енгізуді болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап «Қарағанды ​​Су» ЖШС-нің мамандар тобы заңды тұлғалардың сумен қамту және су бұру желілерінде түгендеу (инвентаризация) жүргізу бойынша жұмыстарды бастайды.

Біздің қызметкерлердің қызметтік куәліктері бар және тұтынушылардың қатысуымен заңды тұлғалардың нысандарына барған кезде қолданыстағы сумен қамту және су бұру жүйелеріне ревизия жүргізеді.

☎️анықтамалар үшін келесі телефондар бойынша хабарласыңыздар: 50-34-19