2022 жылдың 19 сәуірінде судың өшірілуі, су құбыры желілерін дезинфекциялау

 

Құрметті тұтынушылар!

Суық судың өшірілуі: Назарбаев даңғылы 33, 33/1, 33/2, 33а, 39,  41/2, 41/1, 53, 53/1 (үйдің жартысы), 55, 57, 59, 61, 63, 65, 65/2! Әлиханов көш., 35, 46! Гоголь көш. 30, 32, 34, 34а, 36, 36/2, 36/3, 38, 38/2, 38/3, 40, 46а, Н.Әбдіров даңғ. 50/2!

 

«Западная» сорғы станциясы,Үлкен Михайловка ауданы,

Потанин (Защитная) көш., Прогресса көш. 1-90, Буровая көш. 1-94,
Новонижняя көш., Степная көш. 115-147, Западная көш. 87-130,
Смелый 34-41, Грибоедов, Рылеев, Колумб,
Радищев, Речная, С.Сейфуллин 99-99/17, Коцюбинского, Нуринская, Планетная, Кременского, Крамского 44-44/3, Анжерская 22, Ермеков 124-126 көш.

 АҚТАС, КИРЗАВОД 3-4, Западная өнеркәсіптік аймағы.

 

Суық судың қысымы төмендейді: Асфальтная көш. 16, Академическая,
Анжерская, Молоков, Вагонная, Юбилейная,
Тұмар көш.(Пахотная), Рыбалко, Депутатская,
Разрезовская, Асфальтная, Бытовая көш.

 

Бұған дейін біз «АлматыИнжСтрой» ЖШС мердігер ұйымының  «Солнечная көшесінен «Западная» сорғы станциясына дейін өтетін су құбыры желісін қайта жаңғырту 2020ж.-2021ж.» – Жаңа қала, Михайловка және Ақтас елді мекеніндегі тұтынушыларды сумен қамтамасыз ететін су құбырын салу жобасы бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы хабарлаған болатынбыз. Қазіргі уақытта дайындық кезеңі аясында қала желілерін жаңа магистральдық су құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылдың 19 сәуірінде сағат 8.30-дан бастап 23.00-ге дейін «Қарағанды ​​Су» ЖШС бригадалары диаметрі 800 мм полиэтилен құбырдан салынған магистральдық құбырға қолданыстағы сумен жабдықтау желілерін қосу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты сағат 8.30-дан бастап 23.00-ге дейін суық су өшіріледі, ал жекелеген мекен-жайларда су қысымы төмендейді.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін сумен жабдықтау желілерін дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Дезинфекциялау жұмыстары 2022 жылдың 19 сәуірінен 20 сәуірге қараған түні басталады. Осыған орай, 2022 жылдың 20 сәуірінде Жаңа қала, Михайловка, Кирзавод 3-4 және Ақтастың тұтынушыларына  суық су хлордың жоғарылатылған дозасымен беріледі. 2022 жылдың 20 және 21 сәуірінде суық суды ішу және тамақ дайындау үшін пайдаланбауды ұсынамыз.

Ауыз судың қажетті қорын алып алуды ұсынамыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.