ММИБ, ЖС және ПИК-пен жария шарт
2021 жылдың 02 желтоқсанында №1032 бұйрықпен бекітілді
Кондоминиум объектісін атқарушы басқару органы мен «Қарағанды Су» ЖШС арасындағы ынтымақтастықтың жария келісім-шарты
қ. Қарағанды 03.01.2022г.
«Мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шартына»
[1]
және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дайындалған, Кондоминиум объектісінің атқарушы органы мен «Қарағанды Су» ЖШС арасындағы ынтымақтастықтың осы Жария Келісім-шарты (бұдан әрі – Келісім-шарт) бұдан әрі қарай «Жеткізуші» деп аталатын «Қарағанды Су» ЖШС-нің кондоминиум объектілерінде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғаларға сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – Қызметтер) ұсыну тәртібі мен талаптарын белгілейді және Кондоминиум объектісінің Атқарушы органы мен сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді Жеткізуші «Қарағанды Су» ЖШС арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейді. Кондоминиум объектісін басқарудың атқарушы органы бұдан әрі «Атқарушы орган» деп, «Жеткізуші» және «Атқарушы орган» бірлесіп «Тараптар» деп аталады.
1. Келісім-шартта қолданылатын негізгі ұғымдар
1. Келісім-шартта келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Жеткізуші– «Қарағанды Су» ЖШС, сумен жабдықтау және су бұрудың толық технологиялық үдерісін жүзеге асыратын және Тұтынушылырға Қызметтер ұсыну мақсатында елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдаланатын, реттейтін және бақылайтын, сондай-ақ Тұтынушылардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйіне техникалық қадағалауды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;
2) Қызмет берушінің өкілі:қабылдау және тексеру актілеріне қол қоюға, суды есепке алу аспаптарын, суды есепке алу тораптарын және сумен жабдықтау және су бұру жүйесін тексеруге, суды есепке алу аспабын пайдалануға (пломбалауға) рұқсат беруге, суды есепке алу аспабының пломбасын шешуге, хабарландыруларды табыс етуге, суды есепке алу аспабының көрсеткіштерін салыстыруға және шешуге өкілеттігі және қызметтік куәлігі бар Жеткізушінің абоненттік бөлімшесінің қызметкері;
3) Тұтынушы – Кондоминиум объектілерінде сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенген жеке немесе заңды тұлға;
4) Атқарушы орган – пәтер иелерінің кооперативінің, мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенімді тұлғасы немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания;
5) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісінің басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6) көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумы – (бұдан әрі – кондоминиум) – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген меншік нысаны, бұл ретте пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар дара (бөлек) меншікте болады, ал дара (бөлек) меншікте емес бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;
7)кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
8) кондоминиум объектісін басқару– пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қауіпсіз және жайлы тұруына (болуына) жағдайлар жасауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану мәселелерін шешуге және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға бағытталған іс-шаралар кешені;
9) кондоминиум қатысушысы – кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану бойынша тең құқықтары бар көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері;
10) пәтер – тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын, көпқабатты тұрғын үйдің бөлігі болып табылатын жеке тұрғын жай;
11) тұрғын емес үй-жай – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қоспағанда, көппәтерлі тұрғын үйдегі құрылыс, санитарлық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін, жоба сатысында көзделген, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, шекаралары қабырғалардың, еденнің және төбенің (қабатаралық жабындылардың) ішкі беттері болып табылатын, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарда (кеңсе, дүкен, кафе, қонақүй, хостел және халыққа қызмет көрсету саласының басқа да объектілері) пайдаланылатын және дара (бөлек) меншіктегі жеке ішкі кеңістік;
12) инженерлік желілер мен құрылыстар – суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған, сондай-ақ сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға арналған жабдықтар мен желілер;
13) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі– кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);
14) үйге ортақ инженерлік жүйелер – көппәтерлі тұрғын үйде пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың шегінен тыс жердегі немесе ішіндегі және екі және одан көп пәтерге, тұрғын емес үй-жайға қызмет көрсететін суық және ыстық сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, түтін жою, өрт дабылы, ішкі өртке қарсы су құбыры, жүк және жолаушы лифтілері (көтергіштер), қоқыс әкету, ауабаптау, желдету, жылуды реттеу және вакуумдау жүйелері.
Үйге ортақ инженерлік жүйелерге пәтерден тыс немесе оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйде, тұрғын емес үй-жайда орналасқан және екі (екі) және одан да көп пәтерлерге, тұрғын емес үй-жайларға қызмет көрсететін жүйелер, атап айтқанда жүйелер жатады:
тікқұбырлардан, тікқұбырлардың тарамдарында орналасқан бірінші ажыратқыш құрылғыға дейін тікқұбырлардың тарамдарынан, тікқұбырлардан пәтерішілік тармақтау бұрмаларындағы бірінші бекіткіш-реттегіш шүмектерге дейін үйге ортақ суық және ыстық суды есепке алу аспаптарынан, ішкі өртке қарсы су құбырынан, сондай-ақ осы желілерде орналасқан жабдықтардан тұратын суық және ыстық сумен жабдықтау.
15) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау– кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық пайдалану, санитариялық күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер кешені;
16) Қызметтер –Кондоминиум объектілерінде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғаларға сумен жабдықтау және су бұру бойынша қызметтер;
17) Атқарушы органның мұқтаждарына көрсетілетін қызметтер–атқарушы орган кеңсесінің мұқтаждарына сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтер және үй маңындағы жер учаскесінің жасыл екпелерін суару;
суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын, суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген, судың (ауызсу, техникалық, сарқынды және сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;
18) үйге ортақ суды есепке алу аспабы – пайдалану жауапкершілігі шекарасында орнатылатын, нысаналы мақсаты кондоминиум объектісіне берілген қызметтерді коммерциялық есепке алуды және кондоминиумның сумен жабдықтау және су бұру жүйесіндегі шығындарды есепке алуды жүргізетін суды есепке алу аспабы;
19) су тұтыну нормасы – 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы орган бекіткен бір адамның, жеке қосалқы шаруашылық жануарларының тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыру үшін немесе нақты елді мекендегі суармалы алқап бірлігіне арналған су мөлшері;
20) суды есепке алу торабы– суды есепке алуды қамтамасыз ететін аспаптар (су есептегіш, шығын өлшегіш, манометр) және құрылғылардың (бекіту арматурасы, өлшеу құралдарына дейін және кейін құбыржолдың тік учаскелері, деректерді қашықтықтан беру құралы, қысым реттегіші және құрылғылардың басқа да түрлері) жүйесі;
21) суды есепке алу торабына жібермеу – Атқарушы органның сарқынды сулардың сынамаларын алу үшін аумақта орналасқан немесе шаруашылық қарауындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің көрсеткіштерін алу және жұмысқа қабілеттілігін тексеру, техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін бақылау үшін суды есепке алу торабына рұқсат беруден Тұтынушының бас тартуы (кедергі келтіру);
22) суды коммерциялық есепке алу – Тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті су көлемін есепке алу;
23) сумен жабдықтау – су тұтынушыларға сумен жабдықтау жүйелері арқылы су алуды, сақтауды, дайындауды, беруді және бөлуді қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
24) су бұру – сарқынды суларды су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жергілікті жер бедеріне жинауды, тасымалдауды, тазартуды және бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
25) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – тараптардың келісімімен белгіленетін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін міндеттер (оларды пайдаланғаны үшін жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу орны. Мұндай келісім болмаған кезде, пайдалану жауапкершілігінің шекарасы баланстық тиесілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді.
Кондоминиум объектілерінде пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы:
сумен жабдықтау бойынша – ғимаратқа су құбырын енгізудегі бірінші ысырманың бөлуші фланеці;
су бұру бойынша – елді мекеннің су бұру желілеріне қосылатын жердегі құдық болып табылады;
26) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін иеленушілер арасында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу орны, бұл схемаларда көрсетіледі.
Кондоминиум объектілерінде баланстық тиесілікті бөлу шекарасы:
сумен жабдықтау бойынша – тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) сыртқы қабырғасы;
су бұру бойынша – елді мекеннің су бұру желісіндегі құдықпен түйіндесу орнында шығару болып табылады;
27) суды коммерциялық есепке алудың ақпараттық-өлшеу жүйесі (АӨЖ) – бұл суды коммерциялық есепке алу деректерін өлшеу, жинақтау, өңдеу, сақтау және қашықтықтан беру үшін өлшеу құралдарының және аппараттық-бағдарламалық кешен жиынтығы;
28) энергия тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭТЕАЖ) – коммерциялық есепке алу құралдарынан деректерді коммерциялық есепке алуды, қашықтықтан жинауды, сақтауды, талдауды жүзеге асыратын есепке алудың автоматтандырылған жүйесі;
29) төлем құжаты – Жеткізушінің көрсеткен қызметтерін (тауарлар, жұмыстар) төлеу үшін жасалған және олардың негізінде төлемдер жүргізілетін құжат (шот, хабарлама, түбіртек, шот-ескерту).
2. Келісім-шарттың мәні және жалпы ережелер
2.1. Жалпы ережелер
2. Осы Келісім-шарт 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 250 «Мүліктік меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен коммуналдық көрсетілітін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арсындағы ынтымақтастықтың үлгі шартына» және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дайындалған, Кондоминиум объектісінің Атқарушы органы мен Жеткізуші арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейді және Тұтынушыларға кондоминиум объектілерінде Қызметтерді көрсету талаптарын белгілейді.
3. Осы Келісім-шарттың талаптары Қарағанды қаласы мен Актас кентінің кондоминиум объектілерінде Қызметтерді пайдаланатын кондоминиум объектілерін басқарудың барлық органдарына және Тұтынушыларына таралады.
4. Кондоминиум объектілерінде Қызметтерді ұсыну талаптары осы Келісім-шартпен айқындалады және Жеткізушінің ресми ақпараттық ресурстарында алғаш жария етілген күнінен 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
5. Жұмыс істеп тұрған кондоминиум объектілерінде осы Келісім-шарт күшіне енген кезден бастап Келісім-шарт жасалған болып есептеледі. Жаңадан салынған (немесе қайта салынған) және мемлекеттік тіркеуден өткен кондоминиум объектілерінде көп қабатты тұрғын үйді салушы көп қабатты тұрғын үйді пайдалануға қабылдау актісін Атқарушы органға берген кезден бастап жасалған болып есептеледі.
Атқарушы орган осы Келісім-шарт күшіне енген кезден бастап осы Келісім-шарттың талаптарымен келіседі.
Осы Келісім-шарттың талаптарымен келіспеген жағдайда, Атқарушы орган Жеткізушінің ақпараттық ресурстарында алғаш жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Жеткізушіге Қазақстан Республикасынаң заңнамасына сілтеме жасай отырып, негіздемемен келіспейтіні туралы жазбаша хабарлауға құқылы.
6. Жеткізуші, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және Келісім-шарт ережелерін басшылыққа ала отырып, осындай қосымша келісімдер күшіне енген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы Келісім-шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізе алады.
7. Кондоминиум объектісін басқару нысаны таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе басқа да қайта құрылған жағдайда, осы Келісім-шарт бойынша алдыңғы Атқарушы органның құқықтары мен міндеттері және осы Келісім-шарттың талаптары кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысанының Атқарушы органына автоматты түрде ауысады.
2.2. Келісім-шарт мәні
8. Жеткізуші баланстық тиесілікті бөлу шекарасына дейін Тұтынушыға сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді көрсетуге, ал Атқарушы орган Тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұружөніндегіқызметтер көрсетілетін үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың сақталуын және тиісті техникалық жай-күйде болуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
9. Көрсетілетін қызметті қабылдау Жеткізуші мен Тұтынушының баланстық тиесілікті бөлу шекарасында жүргізіледі.
10. Кондоминиум объектілеріндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы:
1) сумен жабдықтау бойынша – ғимаратқа су құбырын енгізудегі бірінші ысырманың бөлуші фланеці;
2) су бұру бойынша – елді мекеннің су бұру желілеріне қосылатын жердегі құдық болып табылады.
11. Тараптардың су бұру жөніндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы Атқарушы органды қосқан жердегі құдық болып табылады.
12. Көрсетілітін қызметтердің сипаттамасы мен сапасы Қазақстан Республикасы заңнамасының, ұлттық стандарттардың талаптарына, берілетін судың құрамы, қасиеті мен жылыту температурасы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, сондай-ақ есептеу құралына сәйкес, ал су болмаған жағдайда тәуліктік орташа шығыны бойынша су шығыны талаптарына сәйкес келуге тиіс.
13. Су бұру және сумен жабдықтау жөніндегі Қызметтерді көрсету режимі – тәулік бойы.
14. Кондоминиум объектісінде Жеткізуші көрсеткен Қызметтердің көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті есепке алынуға жатады.
2.3. Ақпаратпен қамтамасыз ету
15.Жеткізуші Тұтынушыларға және Атқарушы органдарға арналған барлық жария ресми хабарландыруларды өзінің ақпараттық ресурстарында жариялайды: http://kar-su.kz/ru; Instagram: @karagandysu;Facebook: @karagandasuжәне т.б.:
1) елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде апаттық жағдайлар туралы анықталған күні;
2) елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі алдын ала жоспарлы жұмыстар туралы үш жұмыс күнінен кем емес уақытта;
3) тарфтердің өзгергендігі туралы қолданысқа енгізуге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей;
4) Жеткізушінің басқада хабарландырулары.
16. Нақты Атқарушы органға қатысты ресми хабарламалар келесі әдістердің бірімен жеткізіледі: Жеткізушінің өкілдерімен, Жеткізушінің электрондық поштасы арқылы (...@kar-su.kz), SMS, WhatsApp, тапсырыс хатпен.
17. Кондоминиум объектісінің сумен жабдықтау және су бұру жүйесінде апат жағдайы туындаған кезде Атқарушы орган осы Келісім-шарттың 9.3. және 9.4.-тармақтарында көрсетілген телефондар бойынша тиісті ауданның Жеткізушінің Сумен жабдықтау цехына/Су бұру цехына дереу хабарлайды.
Жеткізуші Сумен жабдықтау цехтары, Су бұру цехтары, Орталық диспетчерлік қызмет және Call-орталықтың телефондарының тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
18. Атқарушы орган кондоминиум объектісін басқару нысаны таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе басқа да қайта құрылған жағдайда, Жеткізушіні күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабардар етеді.
Жаңадан сайланған Атқарушы орган Жеткізушіні сайланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өзінің сайланғаны туралы жазбаша хабардар етеді.
3.Кондоминиум объектісіне көрсетілген сумен жабдықтау және су бұру Қызметтерінің көлемін есепке алу және есептеу тәртібі
3.1. Жалпы ереже
19.Кондоминиум объектісіндегі Тұтынушыларға көрсетілген сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі Қызметтерді есепке алу ҚР Су кодексінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына сәйкес келетін үйге ортақ суды есепке алу аспаптары (бұдан әрі – ҮОСЕАА) арқылы жүзеге асырылады.
20. Кондоминиум объектілерінде суды ҮОСЕАА арқылы есепке алу Қазақстан Республикасының Су кодексінің 92-7-бабына сәйкес міндетті болып табылады.
21.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҮОСЕАА үйге ортақ инженерлік жүйелерінің бір бөлігі және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі болып табылады.
22. ҮОСЕАА Тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылады. Пайдалану жауапкершілігінің шекарасы Жеткізуші мен Атқарушы орган арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекараларын бөлу актісімен айқындалады.
23. Жобаланып жатқан, салынып жатқан, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, техникалық қайта жарақтандырылатын, реконструкцияланатын және күрделі жөнделетін кондоминиум объектілерінде АӨЖ және ЭТЕАЖ элементтеріне қажетті ҮОСЕАА орнатуға жұмсалған шығындар құрылыс салушыға жүктеледі.
24. Елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылған кондоминиум объектісін Жеткізуші белгіленген тәртіппен коммерциялық есепке алған үйге ортақ суды есепке алу аспабынсыз пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.
25. Қолданыстағы кондоминиум объектілерінде үйге ортақ суды есепке алу аспаптарын сатып алу, орнату, сервистік қызмет көрсету және тексеру Атқарушы органға жүктеледі.
26. Үйге ортақ суды есепке алу аспаптары белгіленген тәртіп бойынша Жеткізушінің өкілдерімен пломбаланады.Пломбалау кезінде Тараптармен қол қойылатын, үйге ортақ суды есепке алу аспабын қабылдау актісі жасалады.
27. Қолданыстағы кондоминиум объектілерінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту орталығымен келісімге қол жеткізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңнамасынасәйкес лизингке алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар бойынша Жеткізуші ҮОСЕАА сатып ала алады және оны кондоминиум объектісінің пайдалану жауапкершілігінің шекарасында орната алады.
28. Атқарушы орган осы Келісім-шарттың 27 т. сәйкес сатып алынған ҮОСЕАА орнатуға, монтаждауға және пломбалауға (ҮОСЕАА қабылдауға) уәкілетті лицензияланған ұйымның және Жеткізушінің өкілдеріне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
29. ҮОСЕАА пломбаланған сәтінен бастап Қызметтер көлемінің коммерциялық есебі енгізіледі.
30. Лизингке сатып алынған және кондоминиум объектісінің пайдалану жауапкершілігінің шекарасында орнатылған ҮОСЕАА пломбаланған сәттен бастап, Атқарушы органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҮОСЕАА күтіп ұстау және сақтау бойынша міндеттері басталады.
ҮОСЕАА пломбалау Атқарушы органның немесе үй кеңесі мүшесінің қатысуымен жүзеге асырылады. Пломбалау актісіне Тараптар қол қояды. Пломбалау актісі Атқарушы орган немесе үй кеңесі мүшесі қол қоюдан бас тартқан жағдайда да жарамды болып табылады, бірақ оны Жеткізушінің өкілдері үш адамнан кем емес құрамда жасаған кезде және актіде Атқарушы органның немесе үй кеңесі мүшесінің қол қоюдан бас тартқандығы мен актінің түпнұсқасы берілгендігі туралы жазба болуы шарт.
31. Жеткізушінің 2021 және 2022 жылдары Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту орталығы арқылы лизингке сатып алатын және қаланың кондоминиум объектілеріне орнататын ҮОСЕАА-ның техникалық сипаттамасы осы Келісім-шарттың 1- қосымшасында келтірілген.
32. Тұтынушыларға – кондоминиум қатысушыларына ҮОСЕАА бойынша көрсетілген сумен жабдықтау және су бұру Қызметтерінің көлемі Әдістемеге
[2]
және Елді мекенге сумен жабдықтау және су бұрудың көрсетілетін жария Шартына
[3]
сәйкес мынадай тәртіппен анықталады:
1)жеке есепке алу аспабын ішінара орналастырылған және үйге ортақ есепке алу аспабы болған кезде:
есепке алу аспабы бар – жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша;
есепке алу аспабы жоқ – Қарағанды обласының әкімдігі бекіткен сумен жабдықтауды тұтыну нормалары бойынша жүргізіледі.
Үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының жиынтық көрсеткіштері және сумен жабдықтау бойынша коммуналдық Қызметтерді тұтыну нормалары бойынша есептелген көлемдер арасындағы айырмашылықты пәтерлер, жанастыра салынған және жапсарлас салынған тұрғын емес үй-жайлардың иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған судың көлемдеріне барабар төлеуге жатады;
2) 100 % жеке есепке алу аспабы және үйге ортақ есепке алу аспабы болған кезде – жеке есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша. Үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты пәтерлер, жанастыра салынған және жапсарлас салынған тұрғын емес үй-жайларыдның иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған су көлемдеріне барабар мөлшерде төлеуге жатады;
3) жеке есепке алу аспабы ішінара орналастырылған және үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған кезде – жеке есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша және Қарағанды облысының әкімдігі бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша;
4) жеке және үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған кезде – Қарағанды облысының әкімдігі бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша;
5) 100 % жеке есепке алу аспабы болған және үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған кезде – жеке есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша;
6) елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылған тұтынушылардың сарқынды су көлемі жіберілген су көлеміне тең қабылданады.
33. Жеке суды есепке алу аспабы жоқ пәтерлердегі нақты тұратын адамдар саны тіркелген тұрғындар санына сәйкес келмеген жағдайда, Жеткізуші осы пәтерлердегі Қызметтер үшін есептеуді Жеткізушінің өкілі жасаған және Жеткізушінің өкілі, Атқарушы орган немесе үй кеңесінің мүшесі қол қойған тұру фактісіне акт негізінде тұратын адамдардың нақты саны бойынша жүргізе алады.
34. Атқарушы органның мұқтаждарына Қызметтер көрсетуқажет болған жағдайда, көрсетілген Қызметтер көлемі Атқарушы органның атына тіркелген және белгіленген тәртіппен Жеткізушімен коммерциялық есепке алынған жеке дербес суды есепке алу аспаптары бойынша айқындалады.
35. Атқарушы органның мұқтаждарына Қызметтер көрсету үшін Атқарушы орган белгіленген тәртіппен Жеткізушімен жеке дербес келісім-шарт жасасады.
36. Атқарушы органның мұқтаждарына қажет жеке суды есепке алу аспабы уақытша болмаған жағдайда, Қызметтер көлемі суды есепке алу аспабының көрсеткіштеріне сәйкес алдынғы үш айдың орташа шығыны бойынша, бірақ бір айдан артық емес мерзімде айқындалады. Аталған мерзім өткен соң және есепке алу аспабы болмаған кезде көрсетілген Қызметтер көлемі жеке Келісім-шарт жасасу барысында жасалған есеп арқылы айқындалады.
37. Атқарушы органның мұқтаждарына қажет көрсетілген Қызметтердің көлемі Атқарушы органға жеке келісім-шартқа сәйкес Жеткізуші ай сайын ұсынатын төлем құжаты бойынша төленуге тиіс.
38. Сумен жабықтаудың орталықтандырылған жүйесінен бөлек дербес кірмесі бар тұтынушылар – кондоминиумға қатысушылар үшін көрсетілген сумен жабдықтау қызметінің көлемі жалпы тәртіпте анықталады.
39. Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспаптарының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырманы төлеуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тарифтер бойынша жүргізіледі.
40. Осы Келісім-шарттың 32 т. 1 және 2 тармақшаларына сәйкес бөлінген, пәтер иелері төлеуге тиіс ҮОСЕАА мен жеке есепке алу аспаптарының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылық ай сайын пәтер иелеріне төлем құжаты – сумен жабдықтау және су бұру бойынша қызметтер көрсетуге арналған жария шартқа сәйкес бірыңғай төлем құжаты бойынша ұсынылады.
41. Осы Келісім-шарттың, 32 т. 1 және 2 тармақшаларына сәйкес бөлінген, тұрғын емес үй-жай иелері төлеуге тиіс ҮОСЕАА мен жеке есепке алу аспаптарының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылық ай сайын тұрғын емес үй-жай иелеріне төлем құжаты – сумен жабдықтау және су бұру бойынша қызметтер көрсетуге арналған жеке келісім шартқа сәйкес шот-фактура бойынша ұсынылады.
42. Атқарушы орган оның қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен үйге ортақ есептеу құралының көрсеткіштері мен оның қатысушыларының жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты Жеткізушіге өз бетінше төлеуге құқылы.
Мұндай шешім қабылданған жағдайда Атқарушы орган кондонимиум қатысушылардың жалпы жиналысының шешім қабылдау туралы хаттамасымен Жеткізушіге жазбаша өтініш жасайды, ал Жеткізуші Атқарушы органға төлем құжаты бойынша үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспаптарының жиынтық көрсеткіштері арасындағы көрсетілетін Қызметтер көлемінің айырмасын ұсынады.
43. ҮОСЕАА-ның көрсеткіштері Жеткізуші өкілімен айына бір рет визуалды түрде немесе деректерді қашықтықтан беру құрылғысы арқылы қашықтықтан алынады.
44. Келісім-шарттың осы тарауында қамтылмаған Кондоминиум объектісіне көрсетілген сумен жабдықтау және су бұру Қызметтерінің көлемінің анықтау тәртібі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі №354 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілегн қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес анықталады.
4. Үйге ортақ суды есепке алу аспаптарына қойылатын талаптар, монтаждау, пайдалану және сақтау шарттары
4.1. ҮОСЕАА-на жалпы талаптар
45. Метрологиялық аттестаттау немесе бекітілген тип нәтижелері бойынша ҮОСЕАА Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуі тиіс.
46. ҮОСЕАА Жеткізушінің АӨЖ жүйесімен сәйкес келетін деректерді қашықтықтан беру құрылғысымен жабдықталуыжәнесезімталдық шегі төмен, жоғары метрологиялық сыныпты болуы тиіс.
47. Суды еске алу аспабына және (немесе) пайдалану құжаттамасына қойылатын салыстырып тексеру таңбаларымен, және (немесе) салыстырып тексеру сертификатымен куәландырылған ҮОСЕАА салыстырып тексерулі болуы керек. Тұтастығы бұзылған, бастапқы тексеру туралы бедері жоқ және тексеру мерзімі өткен ҮОСЕАА орнатуға және пайдалануға жол берілмейді.
48. Үйге ортақ суды есепке алу аспабының шартты өту диаметрін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 621 бұйрығымен бекітілген «Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларының» 2-қосымшасынасәйкес таңдау қажет.
49. ҮОСЕАА-ның монтаждау схемасы, техникалық және метрологиялық сипаттамалары Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
4.2. ҮОСЕАА монтаждау және пайдалану шарттары
50. Үйге ортақ суды есепке алу аспабы кондоминиум объектісін суық сумен жабдықтаудың кірмесіндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылады. Бұл ретте, кондоминиум объектісінің суық сумен жабдықтаудың әр кірмесі жеке үйге ортақ суды есепке алу торабымен жабдықталады.
51. ҮОСЕАА, деректерді қашықтықтан беру құрылғыларын монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын осы қызмет түрін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйым жүзеге асырады.
52. ҮОСЕАА-ның торабына дейін су бөлетін крандардың, алмалы муфталардың және сумен жабдықтау желілерінің басқа тармақтарының болуына жол берілмейді.
53.ҮОСЕАА орнатылатын үй-жайларда 5°С-тан төмен емес температура сақталады және жарықтандыру көзделеді.
54. Коммерциялық есепке қабылдау кезінде ҮОСЕАА Жеткізуші өкілі пломбалайды. ҮОСЕАА-на дейін қосылған гидранттар мен тиектеулі арматура, сондай-ақ айналма желі бар болған кезде, ондағы тиектеулі арматура Жеткізушінің өкілімен жабық күйінде пломбаланады. Өрт сөндіру жағдайларынан басқа, Жеткізушінің келісімінсіз айналма желінің тиектеулі арматурасынан, гидрантар мен тиектеулі арматурадан пломбаларды шешуге жол берілмейді.
55. ҮОСЕАА коммерциялық есептен шығару тек Жеткізушінің өкілдерімен Атқарушы органның қатысуымен пломбаны шешудің тиісті актісін жасай отырып жүзеге асырылады.
4.3. ҮОСЕАА сақтау шарттары
56. Суды дұрыс есепке алу жұмысын бұзатын рұқсатсыз араласудан қорғау үшін ҮОСЕАА торабы вандалға қарсы қорапқа орналастырылады.
57. Суды есепке алу аспаптарын пайдалануды, тиісті техникалық жай-күйде ұстауды, тексеруді (аттестаттауды) ұйымдастыруды және үйге ортақ суды есепке алу торабының, өндірушінің, Жеткізушінің пломбалары, салыстырып тексеру пломбалары бар АӨЖ, ЭТЕАЖ элементтерінің сақталуын қамтамасыз етуді Атқарушы орган, ал кондоминиум тіркелмеген кезде – ортақ үлестік меншік иелері жүзеге асырады.
58. Кондоминиумға қатысушылардың жалпы үлестік меншігі болып табылатын үйге ортақ желілерді тиісті техникалық жағдайда ұстауды және қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етуді Атқарушы орган, кондоминиум тіркелмеген жағдайда жалпы үлестік меншік иелері жүзеге асырады.
59. ҮОСЕАА орналасқан үй-жайға бөтен адамдарға кіруге жол берілмеуі тиіс.
60. Қажет болған жағдайда ҮОСЕАА шешу қатаң түрде ҮОСЕАА-ның техникалық төлқұжатына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
61. Келісім-шарттың осы тарауында қамтылмаған ҮОСЕАА қойылатын техникалық талаптар 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Қазақстан Республикасының Су Кодексіне және Қағидаларға сәйкес айқындалады.
5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
62. Атқарушы органның құқықтары:
1) үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарды тиісті тезникалық жай-күйде күтіп ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші тұлғаларды тарту;
2) үй ішіндегі инженерлік желілер мен жабдықтарды қарау, ҮОСЕАА қабылдау, ҮОСЕАА бүтіндігін, сақталуын тексеру және ҮОСЕАА көрсеткіштерін алу кезінде Жеткізуші жасайтын барлық актілердің көшірмелерін Жеткізушіден алуға құқылы.
63. Атқарушы органның міндеттері:
1) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы шегінде сумен жабдықтау және су бөлу жөніндегі Қызметтер көрсетілетін үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың, үйге ортақ суды есепке алу аспаптарынң сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жай-күйін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
2) үйге ортақ мұқтаждыққа пайдаланылатын сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі Қызметтерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардағы шығындарға жол бермеу;
3)сумен жабдықтау, сарқынды суларды шығару жүйелері құрылыстарының және үйге ортақ есепке алу аспаптарының жұмысындағы көрсетілетін Қызметтерді пайдалану кезінде орын алған ақаулар туралы көрсетілетін қызметті берушіге, ал сумен жабдықтау және сарқынды суларды шығару жүйесі құрылыстары бұзылған немесе ластағыш, уытты заттар авариялық шығарылған жағдайда - төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жергілікті органдарға да жедел хабарлау;
4) үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстардың зақымдалуын жою;
5) үйге ортақ есепке алу аспаптарына көрсеткіштерді алу және жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру үшін, үй ішіндегі инженерлік желілер мен құрылыстарға бақылау және пайдалану жауакершілігі шекарасына дейін қызмет көрсету үшін Жеткізуші өкілдерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз ету;
6) пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері – Тұтынушыларының сапасы лайықсыз және (немесе) үзілістермен коммуналдық қызметтерді ұсыну фактісі туралы хабарламасын қабылдау, тиісті акт жасай отырып, мұндай фактіні Жеткізушімен бірлесіп салыстырып тексеруді ұйымдастыру және жүргізу.
64. Жеткізушінің құқықтары:
1) осы Келісім-шарттың 4.2. бөліміне сәйкес тәртіппен кондоминиум объектісінің пәтерлер және тұрғын емес үй-жайларының меншік иелеріне ҮОСЕАА-ның көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспаптарының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты төлеуге ұсыну;
2) Атқарушы органға орындау үшін ҮОСЕАА-ның сақталуына және үй ішіндегі инженерлік желілер мен сумен жабдықтау және су бұру желілерін күтіп ұстауға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ескерту хаттар мен хабарламаларды ұсынуға, сондай-ақ басқада техникалық талаптарды белгілеу.
65. Жетуізушінің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, санитарлық ережелер мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін көлемде және сапада теңгерімдік тиесілігін бөлу шекарасына дейін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі Қызметтерді тиісінше ұсынуды қамтамасыз ету;
2) сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді көрсету режимін бұзуды болдырмау, жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау;
3) Атқарушы органға ҮОСЕАА қабылдау, үй ішіндегі инженерлік желілер мен жабдықтарының және ҮОСЕАА-ның бүтіндігін, сақталуын тексеру кезінде жасалатын барлық актілердің көшірмелерін ұсыну.
6. Тараптардың жауапкершілігі
66. Жабдықтар мен инженерлік желілерді тиісінше ұстау жауапкершілігі оның меншік иесіне жүктеледі және баланстық тиесілікті бөлу шекарасы бойынша айқындалады.
67. ҮОСЕАА пайдалану, тиісті техникалық жай-күйде ұстау, тексеруді ұйымдастыру және ҮОСЕАА, суды есепке алу торабының, Жеткізушінің пломбалары, салыстырып тексеру пломбалары бар АӨЖ, ЭТЕАЖ элементтерінің сақталуын қамтамасыз ету жауапкершілігі Атқарушы органға жүктеледі.
68. ҮОСЕАА орнатылған орынға ҮОСЕАА көрсеткіштерін алуға, қарауға және тексеруге Жеткізушінің кедергісіз кіруін қамтамасыз ету жауапкершілігі Атқарушы органға жүктеледі.
69.Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кінәлі Тарап екінші Тарапқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтірілген залалды өтейді.
7. Форс-мажор
70. Форс-мажорлық жағдайлар, яғни еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар), сондай-ақ әскери іс-қимылдар, көтерілістер және Шарт талаптарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соққан басқа оқиғалар туындаған жағдайда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың алдында жауапты болмайды.
71. Тараптардың Келісім-шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш жағдайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ мұндай жағдайлар Тараптардың Келісім-шарт бойынша міндеттемелерін орындауына бөгет болатындай дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.
72. Тараптың өзі де, басқа Тарап жауап бермейтін мән-жайдан туындаған міндеттемені орындауы мүмкін болмаған жағдайда, егер Келісім-шартта өзгеше көзделмесе, ол екінші Тараптан міндеттеме бойынша орындауды талап етуге құқылы емес. Бұл ретте міндеттемені орындаған әрбір Тарап орындалғанды қайтаруды талап етуге құқылы.
8. Жалпы ережелер және дауларды шешу
73.Тараптар өздерінің құқықтық қатынастарында Келісім-шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.
74. Тараптар туындайтын дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген кезде даулар мен келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі.
75.Тараптардың Келісім-шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
9. Жеткізушінің деректемелері
9.1. Деректемелер
Жеткізуші:
«Қарағанды Су» ЖШС
100008 г. Қарағанды қ., Привокзальная көш., 5
БСН 040640005089
«Еуразиялық Банк» АҚ
БСК: EURIKZKA, КБе 17
ЖСК KZ4294804 KZТ22031530
e-mail: kancsb@kar-su.kz
тел. 8 (7212) 56-20-00
9.2. Жеткізушінің Абоненттік бөлімшелерінің мекенжайлары мен байланыс нөмірлері
Бөлімше |
Мекенжай |
Телефон |
Жұмыс уақыты |
Сату қызметі |
Пригородная көш., 2В |
8 (7212) 56-20-00 |
дүйсенбі-жұма 8:00-17:00, үзіліс 13:00-14:00
|
Жаңақала абоненттік бөлімшесі |
Пригородная көш., 2В |
8 (7212) 56-20-00 (ішкі 2127)
8 (7212) 50-03-58 |
|
Оңтүстік-Шығыс абоненттік бөлімшесі |
Сатыбалдина көш.,11/7 |
8 (7212) 50-52-58 |
|
Октябрь абоненттік бөлімшесі |
Мамраева көш., 21/2 |
8 (7212) 77-95-77 8 (7212) 77-98-78 |
|
Киров абоненттік бөлімшесі |
Зелинскийкөш., 18 |
8 (7212) 50-59-92
|
|
Актас абоненттік пункті |
Актас к., 8 марта көш., 20 |
8 (72137) 5-48-88 |
|
Сұрыптау абоненттік пункті |
Сұрыптау к., Локомотивная көш., 141-66 |
8 (7212) 47-32-99 |
9.3. Жеткізушінің Сумен жабдықтау цехтары мен Су бұру цехтарының мекенжайлары мен байланыс нөмірлері
____ ______________ 20___ж. № __________ Кондоминиум объектісін басқару атқарушы органы
мен «Қарағанды Су» ЖШС арасындағы
ынтымақтастықтың жария келісім-шартына
1-қосымша
Осы Келісім-шарттың 27 т. сәйкес орнатылған жағдайдағы үйге ортақ суды есепке алу аспаптарының техникалық сипаттамасы
ҮОСЕАА жалпы сипаттамаларыҮйге ортақ суды есепке алу аспабы(ҮОСЕАА) – үйге ортақ суды есепке алу торабы, келесілерден тұрады:ü шығын өлшегіш - РСМ-05.03СМ маркалы электромагнитті есептегіш (шығын өлшегіш – толық өтімді шығынды бастапқы түрлендіргіш (бұдан әрі – ШБТ); ü есептеуіш - РСМ-05.03СМ маркалы ақпараттық-өлшем блогы (бұдан әрі – АӨБ); ü деректерді қашықтықтан берудің екі құралынан – Beeline ұялы байланыс операторының sim-картасы бар iRZ ATM 21 маркалы GSM модем және Юпитер 2574 маркалы радиомодем; ü шығынды бастапқы түрлендіргішке (есептегіш) дейінгі және кейінгі 2 дана бекіту арматурасы; ü шығынды бастапқы түрлендіргішке (есептегіш) дейінгі және кейінгі қажет ұзындықты (құбырлы элементтер) түзу құбырлық ернемекті шарғы. ҮОСЕАА суды коммерциялық есепке алуды және суды есепке алу торабынан Жеткізушінің компьютерлеріне ҮОСЕАА орнатуға уәкілетті лицензияланған ұйымдар орнататын Аппараттық-бағдарламалық кешенге ақпараттарды жіберуді қамтамасыз етеді.Рұқсатсыз бұзудан, бүлдіруден және ұрлауданқорғауды қамтамасыз ету үшін ҮОСЕАА ҮОСЕАА-ның құбырлы элементтеріне бекітілген қорғаныс металл қорабына орналастырылады.ҮОСЕАА алдын-ала іске қосу-жөндеу жүргізіле отырып, қосылуға толығымен дайын зауыттық орындауымен жеткізіледі және коммерциялық есепке тапсырылғаннан кейін аспаптардың жұмысына рұқсатсыз қол жету мен араласудан барлық құрамдас бөліктерін вандалға қарсы қорғауды қамтамасыз етеді.ҮОСЕАА-на кепілдікті қызмет көрсету ҮОСЕАА орнатуға уәкілетті лицензияланған ұйыммен оның құрамдас бөліктерін немесе құрылғысын тұтастай кепілдік мерзімі ішінде диагностикалау, баптау мен жөндеу жолымен ақаулықтарды өтеусіз жоюын немесе тұтынушымен кепілдік талаптарын сақтаған және ақау осы құрылғының өндірушісінің кінәсінен туындаған жағдайда жөнделген ұқсастарына ауыстыруды қамтиды.Кепілдікті қызмет көрсету мерзімі – 4 жыл.Сыртқы құрылғылармен байланыс желісін құрайтын сымдар және ҮОСЕАА жанындағы электр сымдары гофрленген құбырға орналастырылады.ҮОСЕАА өлшеу құралдарының типін сипаттай отырып, өлшеу құралдарының типін бекіту туралы сертификаттарға ие (жеткізу сәтінде күші бар).ҮОСЕАА жеткізу кезінде, ҮОСЕАА орнатуға уәкілетті лицензияланған ұйым ҮОСЕАА-на төлқұжаттар, пайдалану, қызмет көрсету, монтаждау және тексеру бойынша техникалық құжаттамаларды, сертификаттарды, кепілдік талонын ұсынады.ҮОСЕАА-ның құрамына кіретін, шығынды бастапқы түрлендіргіштердің жұмыс әдісінің негізінде су шығынын өлшеудің электромагниттік әдісі жатыр. ҮОСЕАА-ның құрамына кіретін, шығынды бастапқы түрлендіргіш лайұстарлардың қосымша орнатылуын қажет етпейді.Кепілдікті мерзім кезінде, ҮОСЕАА орнатуға уәкілетті лицензияланған ұйым қажет болған жағдайда Жеткізушінің талабы бойынша, кезектен тыс шығын өлшегіштерін-есептегіштерін тексеру және (немесе) калибрлеу жүргізеді.Шығын өлшегіш-есептегіштің техникалық сипаттамалары:- қуат көзі айнымалы тоқтың кернеуі 230 (36)В; - қуат желісінің жиілігі (50,0±1,0)Гц;- қоршаған ауаның температурасы 5-тен 55°С-қа дейін;- қоршаған ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30°С кезінде 95%-дан аспауы тиіс;- тұтынатын қуаты 5 Вт*сағаттан артық емес;- МЕМСТ 14254 бойынша қабықпен қамтамасыз етілетін қорғау дәрежесі IP54 кем емес;- тұрақты шығын кезінде қысымының максималды жоғалуы 0,01 Мпа-дан аспайды;- МЕМСТ ISO 4064 бойынша ағыстың ауытқуына сезімталдық класы U3, D3;- МЕМСТ ISO 4064 бойынша температуралық клас Т1 80°С;- МЕМСТ ISO 4064-1 бойынша электромагниттік үйлесімділік класы Е1;- істен шығуға дейінгі орташа жұмыс ауқымы 80000 сағаттан кем емес;- орташа қызмет мерзімі 12 жылдан кем емес.
Ескерту:Q1– шығын өлшегіштің қателігі ең жоғары рұқсат етілген мәннен аспайтын ең аз шығын мәні;Q2 – шығынның тұрақты және минималды мәндерінің арасындағы интервалдағы шығынның ең үлкен мәні, онда шығынның ауқымы екі аймаққа бөлінеді: жоғарғы және төменгі, олардың әрқайсысы максималды рұқсат етілген қателік шекараларының меншікті мәнімен сипатталады;Q3 – пайдаланудың нормаланған жағдайларындағы шығынның ең үлкен мәні, онда шығын өлшегішең жоғары рұқсат етілген қателік шегінде жұмыс істейді;Q4 – шығын өлшегіш қысқа уақыт ішінде оның метрологиялық сипаттамаларын нашарлатпай, ең жоғары рұқсат етілген қателік шегінде жұмыс істейтін, содан кейін тиісті нормаланған пайдалану жағдайларында жұмысқа қайтатын шығынның ең үлкен мәні.Тіркелетін параметрлер мұрағатының тереңдігі кемінде: сағаттық – 2 ай, тәуліктік-2 жыл, айлық – 5 жыл, оқиғалар мұрағаты-2500 жазба. Электр қуатын өшіру кезінде шығын өлшегіштің мұрағатындағы деректер кемінде 10 жыл сақталады.
Шығын өлшегіш-есептегіштің метрологиялық сипаттамалары:Сұйықтықтың орташа көлемдік шығынын және ағып кеткен сұйықтық көлемін өлшеу кезіндегі салыстырмалы қателік артық емес:G, м3/сағ – G1 ≤ G ˂ 0,04G3 шығыны кезінде ±3,0%G, м3/сағ – 0,04G3 ≤ G ≤ G3 шығыны кезінде ±1,0%Ду50 мм шығын өлшегіш шығындарының диапазоныQ1 0,315 м3/сағ кем емес, Q3 63,0 м3/сағ артық емес (жоғарыдағы шығындар кестесін қараңыз). Q4 бұл шығында қателікке бармай, қысқа уақыт жұмыс істей алады.Шығынды бастапқы түрлендіргіштің құбыржолында жұмыстық қысым 1,6 Мпа дейін.Байқауаралық интервал 4 жыл.Деркетерді қашықтықтан беру құрылғыларыiRZ ATM 21 маркалы GSM-модемі:- модем GSM/GPRS 900/1800 МГц жиілік диапазонында жұмыс істеуді қамтамасыз етеді;- модем екі жұмыс режимін қамтиды: сервер режимі және клиент режимі;- есептеу құрылғысынан ақпаратты қабылдау үшін модем RS 232, RS 485 стандартты интерфейстерімен жабдықталған. Beeline ұялы байланыс операторының Sim-картасы.Юпитер 2574 маркалы радиомодем:- радиоарнаның жұмыс жиіліктерінің диапазоны (NB-FI ашық протоколы) 863,000-870,000 МГц;- қуат көзі кернеуі – 3В (батарея);- шығарылатын сигналдың максималды қуаты – 25 МВт*сағ;- «ұйқы режимінде» тұтынылатын тоқ 0,03 мА артық емес;- МЕМСТ 14254 бойынша корпустың қорғаныс дәрежесі IP68. |
[1]
«Мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфоқұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 250 бұйрығы.
[2]
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі №354 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7257 болып тіркелген Сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесі.