Майқұдық тұтынушыларын сумен жабдықтауда суық су қысымын төмендету орын алады (әсіресе Восток 1,2,3, 1-ші және 2-ші орамдар, Берлин аудандары)
20/01/2021
Құрметті Майқұдық тұтынушылары (Восток 5 және Көгілдір тоғандардан басқа)!
«Қарағанды Су» ЖШС-нің су тазарту құрылыстары кешеніне N 1,2,3 сорғы станциялары, су тазарту кешені, алғашқы хлорлау станциясы, көмірқышқыл цехы және басқа да құрылғылар кіреді.
Нөмірі 3-ші сорғы станциясы Су тазарту қондырғыларының кешенінде орналасқан, ол Қарағанды қаласының тұтынушыларын сумен қамтамасыз етеді.
№3-ші сорғы станциясы 1974 жылы пайдалануға берілген. Осы уақытқа дейін сорғы станциясының жабдықтары ауыстырылмаған.
2021 жылы қаңтарда нөмірі 3-ші сорғы станциясының диаметрі 1200 мм разрядты коллекторында судың ағуы орын алды.
Осыған байланысты, ертең - 2021 жылдың 21 қаңтарында сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін «Қарағанды Су» ЖШС су тазарту құрылыстарының
№3-ші сорғы станциясының шығару коллекторында диаметрі 1200 мм қақпалы клапанның ағып кетуін болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Сондықтан Майқұдық тұтынушыларын сумен жабдықтауда суық су қысымын төмендету орын алады (әсіресе Восток 1,2,3, 1-ші және 2-ші орамдар, Берлин аудандары).
Тұрғындарға апатты жою бойынша жұмыстар жүргізу уақытында қажет болатын ауыз судың қорын алып алуды ұсынамыз.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.