«Қарағанды Су» ЖШС – бірінші жартыжылдық есебі

 

2019 жылдың 19 шілдесінде «Қарағанды Су» ЖШС көрсетілетін қызметтер жөнінде, бекітілген тарифтік сметалар мен сумен қамту және су бұру реттелетін қызметтері бойынша инвестициялық бағдарламалардың орындалуы бойынша есеп берді. 

Қатысушылар алдында бас директордың қаржы бойынша орынбасары есеп беріп, компанияның өткен 6 ай ішінде атқарған жұмысы, атқарылып жатқан жұмыстар мен жылдың соңына дейін алда атқарылатын жұмыстар жөнінде ақпарат берді. 

2019 жылдың 1 наурызынан сумен қамту қызметтеріне тариф барлық санаттар бойынша 3,4%-ға төмендеген, яғни бүгінгі күні ҚҚС есептегенде 101,24 теңгені құрайды. Су бұру қызметіне тариф 2,6%-ға төмендеген, яғни тұрғындар үшін ҚҚС қоса есептегенде 90,78 теңгені құрайды. «Қарағанды Су» ЖШС сумен қамту және су бұру бойынша тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламалары жалпы 2019 жылға бекітілген. Жоспарланған шаралар бойынша мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілген, атқарылатын жұмыстар мен материалдарды сатып алуға келісім-шарттар жасалған. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.  

Ағымдағы жылдың 6 айы бойынша 74,9 млн. сомаға ұзақтығы 5,2 километр су құбыры желілерін капиталды жөндеу жүргізілген, бұл жылдық жоспардың 15%-ын құрайды. Желілерді ашық әдіспен ауыстырудан бөлек қалалық тығыз құрылыс жағдайларында траншейсіз ауыстыру технологиясы қолданылады. Жалпы 2019 жылы бұл технология бойынша су құбыры және канализация желілерінің 40%-ы ауыстырылатын болады. 

Желілерді ауыстыру процесін тездету және ауыстырылатын желілер ауқымын ұлғайту үшін, қосалқы, әрекеттегі көлденең бағытты бұрғылау құрылымына тағы бір құрылым алынған. 

2019 жылы 61 су құбыры сорғы станциясында ТПАБЖ жүйесін қабылдау бойынша 2018 жылы басталған жұмыстар жалғастырылған.  

Су бұру бойынша 2019 жылдың басынан 34,5 млн. сомаға ұзақтығы 760 метр канализациялық желілер ауыстырылған, ол жылдық жоспардың 14%-ын құрайды. 

82,6 млн. теңгеге екі аралас құрылымды лайсорғыш және каналды шаюшы құрылғысы бар КО-560 көліктері алынған. Олар құдықтарды профилактикалық тазарту үшін, канализация құбырларын лайдан, топырақты үйінділерден және басқа да қоқыстардан, сонымен қатар апаттық бітелулерді жоюға арналған. 

Лайсорғыш көліктер қол еңбегінің ауыр антисанитариялық жағдайларын жояды, жұмыскерлердің құдыққа түсу қажеттілігін жояды, сонымен қатар ауыр бітелулерді құбырларды қазбай жоюға мүмкіндік береді.   

Инвестициялық бағдарламаның орындалуы бойынша күтілетін нәтижелер:

• тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарылату;

• желідегі апаттар мен бітелулерді 5%-ға қысқарту;

• электр энергиясын 5-7%-ға үнемдеп қолдану есебінен жоғары энергиялық тиімділікті арттыру; 

• негізгі құралдардың физикалық тозу дәрежесін төмендету;

• желілердегі технологиялық үрдістердің толық бақылауын және ауыз су мен ағынды сулардың шығыны бойынша мәліметтер анализін қамтамасыз ету;

• сумен қамту және су бұру жүйесі жұмысының сенімділігін желілердің жағдайын толыққанды бақылау есебінен арттыру;

• Инженерлік желілер мен құрылымдарды автоматтандыру және диспетчерлендіру жолымен бірыңғай ақпараттық-басқару жүйесін құру. 

Берілген есептің ақпараттық қорытындылары аралық болып табылатындығын атап өту қажет, себебі жылдың жылы мерзімі – коммуналдық өндіріс мамандары үшін ең ыстық кезең болып табылады. Көктемгі-жазғы-күзгі кезеңде негізгі жөндеулер мен желілерді ауыстыру, тұтынушыларға ауыстырылған жаңа желілерге ағымдағы сумен қамту және су бұру желілерінен ауыстырумен байланысты ыңғайсыздықтар  тудыруды минималдау жолымен құрылымдарды жаңарту жүргізіледі. 

Бекітілген сумен қамту және су бұру реттелетін қызметтері бойынша тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы бойынша 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған ақпарат «Қарағанды Су» ЖШС сайтында жарияланған: kar-su.kz 

 

 

 «Қарағанды Су» ЖШС 

баспасөз қызметі