Қоқысты унитазға тастамаңыздар!

Барлық Қарағандылықтар күннен күнге қаланың өсіп келе жатқанын, тұрғын үйлердің, әдемі ғимараттар, жаңа саябақтар мен бақтардың саны көбейіп келе жатқанын сөзсіз байқайды. Біздің қала аудандары бір-бірінен аса қашық тармақталған құрылымды, сондықтан да «Қарағанды Су» ЖШС теңгеріміндегі желілердің ұзақтығы әжептеуір салмақты: 1081 км су құбыры мен 691 км кәріз желілері бар.  

Ауыз судың тазартылуы жөнінде біз көп жаздық. Ал бүгін біз гүлденіп жатқан заманауи дамушы қалаға қажетті ажырамас қызметтердің бір бөлігі – кәріз, басқаша айтқанда су бұру жүйесіне тоқталғымыз келеді. Біз күнделікті кәріз жүйесін қолданамыз, алайда біз үйдегі кәріз жүйесінен ағызғаннан кейін ақпа сумен не болатыны жөнінде ойлана бермейміз. Ақпа сулар (қолжуғыш суы, ас үйдегі майлы сулар, жуынатын бөлме, душ, дәретхана сулары) үй ішіндегі жүйелер арқылы үйдің кәріздік жүйесіне ағады, одан әрі аудан желісіне түсіп, одан ақпа сулар насосты станциялар арқылы айдалып, кәріздік коллекторларға (үлкен диаметрлі кәріздік құбырларға) айдалады. Кәріздік коллекторлар арқылы қаланың барлық ағынды сулары қала сыртында орналасқан кәріздік тазарту құрылымдары – «Қарағанды Су» ЖШС Аэрация станциясына түседі. Аэрация Станциясында ағынды сулар тазартудың бірнеше сатысынан өтеді: механикалық және биологиялық. Тазартудың бірінші сатысы – механикалық тазалау. Ағынды сулар технологиялық цикл бойынша тазартудан өтеді, оның барысында қоқыс пен түрлі жүзінділер науалардан жоғалтылады. Екінші саты – бұл биологиялық тазарту. Ол үлкен хауыз-коридорларда жүзеге асырылады, оларда ағынды сулар мен белсенді лайдың қоспасы ауамен қанығады. Ағынды сулардың органикалық заттарын қорек көзі ретінде пайдаланатын бактериялар аэротенкілердің тотықтандырғышы рөлін атқарады. Одан әрі, екінші тұндырғыштарда тазартылған ағынды суларды белсенді лайдан арылту жүзеге асырылады, одан кейін биологиялық тоғандарда ағынды суларды тазарту жалғастырылып, толығымен тазартылғаннан кейін Соқыр өзеніне лақтырылады. Соқыр өзені балық шаруашылығына бағытталған. Соқыр өзеніне төгілетін сулар қатаң лабораториялық бақылауға түседі. 

Ағынды суларды жинау, транспорттау, бұру және тазалау айтарлықтай энергия жұмсалатын, әрі шығынды процесс. Қарапайым тұрғынға бұл үрдістің барлығы көрінбейді, суды кәріз арқылы ағызып жіберді, ағынды сулар құбыр арқылы ағып кетті, болды, мәселе жоқ... Алайда үй мен пәтер иелерінің немқұрайлы, тіпті салғырт қатынасы кәріз жүйесінің қоқысқа толып кетуіне, ал кейбір мекенжайлар бойынша жиі кәріздік бітелулерге алып келеді. Кәріз желісінің бітелуі – кәріз желісінде болатын жағымсыз жайт. Өкінішке орай, кейбір тұрғындар орталық кәріз жүйесін қоқыс құбырының бір түрі ретінде қолданады. «Қарағанды Су» ЖШС мамандарының кәріз желісіндегі бітеуді тазарту кезінде алмайтын заттары жоқ: шүберек, дорбалар, тағам қалдықтары, шынылар, құрылыс қоқысы, тастар, құм. Осындай ойсыз тұрғындардың әрекетінің нәтижесінде кәріздік тікқұбырға жеке гигиена заттары (жөргектер және т.б.), қағаздар мен түрлі заттар түседі. Мұның бәрі кәріздік тікқұбыр шығарылымының бітелуін өршітеді, әрі үйлердің техникалық еден асты мен жертөлелердің, ал кейде бірінші қабатта орналасқан пәтерлердің де нәжіске толуына алып келеді.  

Осы күрделе мәселе бойынша біз қарағандылықтарға жүгінеміз. 

Есте сақтаңыздар! Унитаз – бұл қоқыс құбыры емес. Өзіңізді және көршілеріңізді құрметтеңіздер, әрі ең алдымен бірінші қабаттағы көршілеріңізде сіздің кінәңізден нәжісті ағын басуы мүмкін. Жаңа үйлерде кәріз жүйесіне құрылыс қоспалары тасталып, желімді төккеннен бітелулер болады. Көп жағдайда, құрылыс-жөндеу кезінде канализациялық тікқұбырларды қораппен жабады, бұл ПИК күшімен үй ішіндегі құбыр желілеріндегі бітелуді жою кезінде, тексеру жүргізу кезінде қосалқы қиындықтар тудырады. Қалалық құрылым жағдайында кәріздік құбырларды ауыстыру мен жөндеуді жүзеге асыру аса қиын, себебі суық су құбырларын ауыстыру кезінде уақытша ауыз судың берілуін тоқтатып жұмыс жүргізуге болады. Ал қалалық кәріз жүйесінде ақпа сулардың қозғалысын тоқтату мүмкін емес. 

Тіпті, тасқынды кезеңде қалалық кәріз жүйесі еріксіз түрде тасқын мен жауын суларын да қабылдайды. Беткі сулар мен жауын сулары қалалық кәріз жүйесіне құммен, бұтақтармен және қоқыспен бірге түсіп, кәріз коллекторларының темірбетонының қирауына алып келеді, одан құбырлардың тек жиынтығы мен қаңқасы қалады. Нәтижесінде опырылып құлаулар болады. 2016 жылдың маусым айындағы «Березка» аялдамасында орын алған кәріздік коллектордың опырылып құлауы қалалық тұрғындардың есінде болар. Бір апта ішінде тәулік бойы тығыз жағдайларда жедел жұмыс атқарған, Ермеков көшесіндегі жолдың астымен өтетін коллектор құбырларын бұрынғы қалпына келтіру бойынша маңызды күрделі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жасаған кәсіпорын мамандарының  арқасында құлдырау жойылған болатын. 

Кәріз желілеріндегі бітелулерді жою үшін қарағандылықтардың есіне саламыз: 

- тағам дайындаудан кейін (тазалау, жапырақтар, құртылған жеміс-тұқымдар) өсімдік сипатты тұрмыстық қатты қалдықтарды қоқыс шелегіне жинау;

- кәріз жүйесіне ірі қоқыстардың түсуінің алдын алу үшін шұңғылшада қорғаныс торын қолдану;

- кәріз жүйесіне жеке тазалық құралдарын (жөргектер мен т.с.с.) тастауға тыйым салынады;

- пәтерді жөндеу кезінде құрылыс қоспалары мен құрылыс материалдарының қалдықтарын  кәріз жүйесіне төкпеу; 

- белгісіз себептермен аузы ашық жатқан құдықтарға қоқыс тастамау.

Ашық жатқан құдықтарды көрген жағдайда кәсіпорын мамандары құдық иесін тауып, құдықты жабу бойынша қажетті әрекеттерді жасауы үшін «Қарағанды Су» ЖШС-не 35-55-55 телефон нөмірі бойынша, немесе компанияның ресми сайтына www.kar-su.kz, әлеуметтік желі бойынша   Facebook  karagandasu.com,  Instagram @karagandysu  хабарлап, ашық құдық жөнінде мәліметті жолдаңыз. 

Құрметті қарағандылықтар, тұрғын үй-жай мен өндірістік нысандар иелері!    

Сіздерді қаламыздың кәріз жүйесінде еңбек етуші мамандардың жұмысын қадірлеуге шақырамыз. Ірі индустриалды-өнеркәсіптік дамушы қалада орналасқан үйдегі кәріз жүйесі – қазылған шұңқыр емес, өркениеттің нәтижесі екендігін есте сақтаңыз.  

 

«Қарағанды Су» ЖШС

баспасөз қызметі