БҮГІН, 2017 ЖЫЛДЫҢ 9 АҚПАНЫНДА «ҚАРАҒАНДЫ СУ» ЖШС-інде ДОНОР КҮНІ БОЛЫП ӨТТІ

 

Статистика бойынша Жердегі әрбір үшінші тұрғын өмірінде бір рет болсын донорлық қанды қажет етеді. Донор болу – қан құюды қажет ететіндерге құюға керек болатын қанды ерікті түрде тапсыру.  Донорлық қан түрлі апаттарда зардап шеккендерге, күйіп қалу мен жарақаттанған жағдайда, ауыр ота жасағанда, қан ауруына шалдыққандарға – өмір сүру деңгейін сақтап тұру үшін қажет.

Бұл шараның мақсаты – қан жетіспеушілігі орын алған емханалардағы донорлық қан қорын толықтыру, сонымен бірге қан мен оның компоненттерін ерікті түрде тапсыруға жұмылдыру.

Кәсіпорын басшылығы мен еңбек ұжымы бұл игі іске қуана ат салысты. Көп қызметкерлер алғаш рет донорлық қан тапсырды.

Бүгін «Қарағанды Су» ЖШС басшылығы, еңбек ұжымы мен кәсіподақ комитеті ерікті түрде 15 литр қан тапсырды.   

 

 

ДОНОР БОЛУ – БҰЛ ИГІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ІС!