Информация о введении приборов учета с дистанционной передачей данных

 

 

АҚПАРАТ


деректерді қашықтан беру функциясы бар су есептеу құралдарын енгізу туралы

Құрметті су тұтынушылар!

            Қызмет көрсету сапасын арттыру және заманауи технологияларды енгізу мақсатында «Қарағанды Су» ЖШС заңды және жеке тұлғалардың су есептеу құралдарын орнату және ауыстыру кезінде заңнамалық талаптарды қатаң сақтау қажеттігі туралы хабарлайды.

            2025 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Су кодексінің 107-бабының 4-тармағына сәйкес: «Суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру үшін көппәтерлі тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) және өзге де объектілерді салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу жобаларында сезімталдық шегі ең төменгі шығыстың жартысынан аспайтын және деректерді қашықтан беретін, жоғары метрологиялық сыныбы салқын су үшін R динамикалық сипаттамасы 100-ден төмен емес және ыстық су үшін R динамикалық сипаттамасы 50-ден төмен емес (метрологиялық сыныбы B) болатын жалпы үйге ортақ және жеке суды есепке алу аспаптарын міндетті түрде орнату көзделеді.

            Бұл талап жұмыс істемейтін немесе пайдалану мерзімі өткен суды есепке алу аспаптарын ауыстырған жағдайларға қолданылады».

            Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 8 тамыздағы №295 бұйрығымен бекітілген «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі су есептеу құралдары мен жүйелерін таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларының» 34-тармағына сәйкес: «Қолданыстағы тұрғын ғимараттарда (үйлерде) суық және ыстық суды есепке алудың жеке (пәтерлік) аспаптарын бастапқы орнату, ауыстыру немесе белгіленген пайдалану мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 107-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін және жеткізушінің АӨЖ-мен үйлесімділікті қамтамасыз ететін есепке алу аспаптары орнатылуға жатады».

            Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындау мақсатында «Қарағанды Су» ЖШС 2026 жылғы 01 мамырдан бастап деректерді қашықтан беру модулі бар су есептеу құралдарын пайдалануға қабылдайды.

           

            Су есептеу құралын ауыстырған кезде назар аударыңыз:

1.     

Тек деректерді қашықтан беру функциясы бар есептеу құралдарын таңдаңыз.

2.     

Есептеу құралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізіліміне енгізілген болуы және тексеру мөрі бар паспорты болуы тиіс.

3.     

Есептеу құралын сатып алу кезінде сізге өндірушімен немесе оның ресми өкілімен пайдалану мерзіміне техникалық қызмет көрсету туралы шарт жасасу қажет (паспортпен бірге).


 

 

ИНФОРМАЦИЯ

о введении приборов учета с дистанционной передачей данных

Уважаемые Водопотребители!

           В   целях   повышения   качества   обслуживания и   внедрения современных   технологий ТОО «Қарағанды Су» уведомляет о необходимости строгого соблюдения законодательных требований при установке и замене приборов учета воды юридических и физических лиц.

 В соответствии с пунктом 4 статьи 107 Водного кодекса Республики Казахстан от 09.04.2025 года, «В проектах строительства, реконструкции, технического перевооружения, модернизации, капитального ремонта многоквартирных жилых домов (жилых зданий) и иных объектов для организации коммерческого учета воды предусматривается обязательная установка общедомовых и индивидуальных приборов учета воды, имеющих высокий метрологический класс с динамической характеристикой R не ниже 100 для холодной воды и динамической характеристикой R не ниже 50 (метрологический класс B) для горячей воды, с порогом чувствительности не более половины минимального расхода и дистанционной передачей данных.

Данное требование распространяется на случаи замены неработающих или с истекшим сроком эксплуатации приборов учета воды».

Согласно пункту 34 «Правил выбора, монтажа и эксплуатации приборов и систем учета воды в системах водоснабжения и водоотведения населенных пунктов», утвержденных приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 08.08.2025 года №295, «В существующих жилых зданиях (домах) при первичной установке, замене или по истечении установленного срока эксплуатации индивидуальных (поквартирных) приборов учета холодной и горячей воды подлежат установке приборы учета, соответствующие требованиям пункта 4 статьи 107 Водного кодекса Республики Казахстан и обеспечивающие совместимость с информационно-измерительной системой (ИИС) поставщика».

Во исполнение вышеуказанных требований ТОО «Қарағанды Су» с 01.05.2026 года принимает в эксплуатацию приборы учета с модулем дистанционной передачи данных.

 

При замене прибора учета воды обратите внимание:

1.     

выбирайте только приборы с дистанционной передачей данных.

2.     

прибор учета должен быть внесен с государственный реестр РК и иметь паспорт с поверительной печатью.

3.     

при приобретении прибора учета Вам необходимо заключить договор с производителем или его официальным представителем на техническое обслуживание на эксплуатационное время с паспортом.