Ербол Уәлиұлы Төлеуов «Қарағанды Су» ЖШС басшысы ауыстырылды

 

2023 жылдың қазан айынан бастап «Қарағанды Су» ЖШС-нің Бас директоры қызметін атқарған Унгарбаев Жолдасбек Қасымұлы компанияның бірінші басшысы қызметінен өз еркімен кетті. «Қарағанды Су» ЖШС-нің жаңа бас директоры болып Ербол Уәлиұлы Төлеуов тағайындалды. Ербол Уәлиұлы-Қарағанды облысының тумасы. 1969 жылы туған. Үш жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

2000 жылы Қарағандыда «Водоканалсбыт» ЖШС-нің директоры болды.

 

«ҚР СІМШБ» РМҚК директорының орынбасары, Астана қаласы (09.02.2007-22.02.2007);

«ҚР СІМШБ» РМҚК директоры, Астана қаласы (22.02.2007-12.01.2010);

«Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бастығының орынбасары (13.01.2010-30.11.2011);

«Астана-Энергосервис» АҚ Басқарма төрағасы (01.12.2011-10.02.2014);

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігі елшісінің кеңесшісі (12.02.2014-19.10.2016);

«Астана қалалық жарық» ЖШС директоры (25.10.2016-01.03.2017);

«Астана қаласының энергетика басқармасы» ММ басшысының орынбасары (01.03.2017-16.03.2018);

«Астана, Нұр-сұлтан қаласының отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысы (16.03.2018-04.2020);

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары (04.2020-03.2021);

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту қазақстандық орталығы" АҚ Басқарма төрағасы (03.2021-04.2023);

Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы (2023 жылғы сәуірден бастап).

2024 жылдың 18 қаңтарынан бастап «Қарағанды Су» ЖШ-нің Бас директоры болып тағайындалды.Ербол Уәлиұлына жаңа жұмыс орнында табыс тілейміз.