7.10.2023 жолды жабу

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары !

2023 жылғы 7 қазаннан 7 қарашаға дейін Н. Назарбаев 39 даңғылынан, Гоголь көшесіне дейінгі диаметрі 315 мм су құбыры желісін реконструкциялау  жұмыстарын жүргізуге байланысты Назарбаев даңғылының тақ жағымен автокөліктің өтуі үшін жол учаскесі жабық болады.

Әрі қарай, Н.Назарбаев даңғылы жолының тақ жағымен Гоголь көшесінен К.С.Станиславский атындағы театрға дейінгі жол учаскесі жабық болады.

«Қарағанды Су» ЖШС бригадасы жұмысты қауіпсіз траншея технологиясы бойынша жүргізеді.

Жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.