Новое обращение пользователя Saule_126

ID - 1833

Question

Құрметті Табиғат Қабденұлы!
Мен Степной 1, 26 үйдің 4 қабатында тұрамын. Біздің үйдегі суық судың қысымы өте-өте нашар. Титан қоюға мүмкіндік жоқ, кір жуатын машиналарда өте нашар жұмыс жасайды. Қазіргі дамыған заманда осындай проблемаларды тілге тиек етудің өзі орынсыз болсада хабарласуды жөн көріп отырмын. Қалған тұрғындар телефон арқылы хабарласып жатсада ешқандай жұмыстар жүргізілмей жатыр. Осы мәселенің оңтайлы шешімі болар деген үмітпен алдын ала алғысымды білдіремін.

Answer

Құрметті Сәуле!

2016 жылдың 27 сәуірінде Оңтүстік-Шығыс сумен қамту цехы Желілерді дұрыстау Тобымен бірге Степной-1 ықшам ауданы, 26-үй мекенжайы бойынша су таратқышы кірісінде тексеруді жүргізді және қысымды өлшеді. Қысым деңгейі – 1,8атм, бұл 5-қабатты тұрғын үйді сумен қамту үшін жеткіліксіз болып табылады. Желілерді дұрыстау тобы гидравликалық тәртіпті реттеуді және орталық желідегі ысырмалардың ревизиясын жүргізді. Жүргізілген іс-шаралардан кейін су таратқышы кірісіндегі қысым – 2,5 атм. құрады, бұл 5-қабатты тұрғын үйді сумен қамтамасыз ету үшін жеткілікті көрсеткіш болып табылады.

Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрінің 2015 жылдың 28 ақпанындағы №163 бұйрығымен бекітілген «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларына» сәйкес:

т.39. Кондоминиум нысандарын сумен жабдықтау бойынша теңгерімдік тиістілігін бөлу шекарасы – тұрғын үйдің) тұрғын ғимараттың сыртқы қабырғасы болып табылады;

т.40. Кондоминиумға қатысушылардың жалпы үлестік меншігі болып табылатын үйге ортақ желілерді тиісті техникалық жағдайда ұстауды және және қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етуді кондоминиумның басқару органы, кондоминиум тіркелмеген жағдайда жалпы үлестік меншік иелері жүзеге асырады.

Осыған қоса үйдің жертөлесі бойынша өтетін суық судың үйішілік таратқыш желісінің ревизиясын жүргізуді ұсынамыз.

Бас директордың өндіріс ісі жөніндегі орындасары Ролич С.Л.