Новое обращение пользователя Куат

ID - 9310

Question

Қайырлы күн! Мен Шахтеров даңғылы бойынша 31 үйде , 9 этажда тұрамын. Неге бізде судың давлениесі төмен? Кей күндері су болмай қалады. Төменгі эиаждағы тұрғындар су алып жатса бізде су болмайды. Не себепті? Жанымызда жаңа үйлер салды, сол кезде су, жылу біздің үйден алынды. Егер өзімізге су жетпей жатқанда неге ол үйлерге берілді? Егер судың қуаты жетіп тұрса неге бізге су келмей қалады қайта қайта?

Answer

Құрметті Қуат!

 

Сіздің Шахтеров даңғылы №31 үйдің 9-шы қабатында кей күндері суық судың қысымының аз болуы мәселесімен жүгінуіңіз бойынша келесіні хабарлаймыз, Оңтүстік-Шығыс сумен қамту цехінің кезекші қызметінің мамандары Шахтеров даңғылы №31 үйге кіре-беріс құбырда судың қысымын өлшеуді жүзеге асырды. Суық су қысымы – 3,7 Атм құрады.  Бұл көрсеткіш 9-қабатты тұрғын үйді сумен қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады.

Шахтеров даңғылы №31 үй – 9 қабатты үй. 

Негізгі көше – Шахтеров даңғылы бойымен өтетін «Қарағанды Су» ЖШС теңгеріміндегі орталық су құбыры желісі 2018 жылы ауыстырылған, пластикалық диаметрі 315 мм құбыр өтеді. 

Шахтеров даңғылы №31 үйдің құрылысы барысында 315 мм пластикалық құбырдан аталмыш үйге дейін су құбыры тартылған. Аталмыш құбыр, яғни біздің желіден 9 қабатты Шахтеров даңғылы №31 үйге дейін тартылған құбыр - «Қарағанды Су» ЖШС теңгерімінде емес. 

Сонымен қатар, Шахтеров даңғылы №31 үй сияқты 9 қабатты үйдің құрылысын жоспарлауда сорғылау станиясын орнату қарастырылуы қажет. 9 қабатты Шахтеров даңғылы №31 үйдің құрылысын жоспарлау барысында қандай себеппен бұл мәселе ескерілмегендігі жөнінде бізде ешқандай ақпарат жоқ. 

Сондықтан, Шахтеров даңғылы №31 үйдің тұрғындарына үйге қызмет көрсетуші Пәтер иелерінің кооперативімен бірігіп, үйдің жертөлесінде сорғы орнату мәселесін бірлесіп шешуді ұсынамыз. 

 

 

 

Құрметпен,

Бас директордың өндіріс бойынша 

орынбасары К. Дауылбаев