Новое обращение пользователя Динара Малтабарова

ID - 1471

Question

Құрметті Табиғат Қабденұлы! Мен Пришахтинск мекенінің тұрғынымын,үйдің 5-ші қабаты, яғни соңғы қабатында тұрамын. Бұл жерге 4 жыл бұрын көшіп келгенбіз, сол уақыттан бері суық су мәселесін не Жұлдыз КСК-сімен, не Қарағанды Су өкілдерімен шеше алмай келемин. Қысы-жазы су котерилмейди, өте жай ағады, әсіресе кешке және демалыс күндері мүлдем тоқтап қалады. Сіздің мекемеңізге хат жазғанымда биздің пәтерге келетин судың қысымы 0,7 және бұл сұрақты Қарағанды Су емес КСК шешуі керек деген жауап келген еди, алайда КСК барлық проблема біздің пәтердегі құбырларға байланысты дейди, бирақ биз құбырларды 1 жыл бұрын ғана пластикке ауыстырғанбыз. Подъездимиз бойынша барлық пәтерлерде құбырлар пластикке ауыстырылған, тек үй бойынша жертөледе(подвалда) жалпы суық су келетин құбыр(основная труба) ауыстырылмаған, сол бұрынғы темір құбырлар судың келмеуіне себеп бола ала ма? Не себепти бизге су келмейди деген сұраққа ешкімнен жауап ала алмай отырмын.
Екі кішкентай баланың Анасы болғандықтан сусыз өте қиын, сондықтан Сізден көмек сұраймын, себебі соңғы үмітім тек Сізде.

Answer

Құрметті Динара!

2015 жылдың 7 ақпанында «Қарағанды Су» ЖШС Пришахтинск сумен қамту цехы мен «Жұлдыз» ПИК төрайымы Боярищева Н.С. бірігіп, 23 ықшам аудан, №36 үй мекен жайы бойынша жертөледе үйдің ысырмасына дейін қысымды өлшеу жұмыстары жүзеге асырылған болатын. Қысым 2,2 атм құрады, бұл көрсеткіш 5-қабатты тұрғын үйді сумен қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады.

№36 үйдің 5-қабатындағы №72, 87, 88, 89 пәтерлер тұрғындары тарапынан сумен қамту мәселесіне шағымдар жоқ.

Үйішілік тараушы желіге ревизия жүргізуді ұсынамыз.

Бас директор                                                Зейнұлқабден Т.