Новое обращение пользователя Динара Малтабарова
ID - 1753
Құрметті Табиғат Қабденұлы!
Сізге Октябрь ауданының 23 ықшамауданы 36 үйдің 104 пәтерінің тұрғыны жазып отыр. Бирнеше жылдың ішінде бізді қинап отырған суық судың мәселесін қазіргі таңға дейін шеше алмай отырмыз. Сіздің ұйымыңыз бен «Жұлдыз» КСК – ның атына ауызша және жазбаша жазылған бірнеше өтініштерімізге қарамастан бүгінгі күнге дейін суық сумен толық қамтамасыз ету бойынша ешқандай шара қолданылмай, жұмыстар жасалмай отыр. Екі кишкентай баланың анасы ретінде суық судың тапшылығы отбасыма өте ауыр тиіп отыр, себебі, судың ағымының нашарлығы сонша (кей уақытта тоқтап та қалады), әсіресе кешке қарай және демалыс күндері балаларымызды шомылдыра да алмаймыз, ыдысты да, кірді де жуа алмай, ұят та болса жазайын дұрыс дәрет те ала алмай отырмыз.
Алғаш жазылған хатымызға пәтерімізге насос орнату жайлы «согласовывается установка подкачивающегося насоса с резервной емкостью после прибора учета», - деп 2012 жылдың 20 қаңтарында жауап жаздыңыздар (орындаушы Кузина.А.). Алайда бұндай насос қала бойынша тек «Эргономика» ЖШС-нен табылды, бірақ хаттарыңызда жазылған насостың резервтік тарасы 200 литрлік деді, алайда біздің кишкентай жуынатын болмеге ондай тара қайдан сыйсын. Сол себептен бірінші және бесінші қабатқа дейін толық пластик құбыр тартқан болатынбыз, бірақ ешқандай өзгеріс болмағандықтан 2014 жылдың 6 тамызында Сізге қайта өтініш жазуға тура келді. Сол жылдың 15 тамызында орындаушы Т.Н. Фадинадан жертөлеге кірер кездегі судың қысымы жақсы, яғни 2,1 атм., ал жоғарғы қабатта су қысымының нашарлығы бойынша «Жұлдыз» КСК – на барыңыз деген жауап алдық. «Жұлдыз» КСК – ның меңгерушісіне жазған хатымызға барлық кінә біздің пәтерде деп жауап қатты. Алайда пәтердегі құбырларымыздың барлығын тексертіп, еш ақау жоқтығы анықталды. «Жұлдыз» КСК – ның айтуы бойынша 36 үйде біздің пәтерге ғана су нашар көтеріледі екен, алайда хаттың тіркемесінде көрсетілген 36 үйдің 5 қабаттарының 16 пәтерінің тұрғындары суық судың өте нашар келетінін және кей-кезде тоқтап та қалатынын айтып қол қойып отыр. (Тіркеме 2 бетте поштаға жіберілді).
ҚР Су Кодексінің 9 бабына сәйкес ҚР – ның су заңының негізгі принциптерінің бірі халықты ішетін сумен керекті көлемде және сапалы қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың барлығы сумен қолдануға әділетті және бірдей құқылы болғандықтан, жоғары айтылғандарды есепке ала отырып Сізден үйіміздің тұрғындары суық суымыз неге нашар ағады, кейде ақпай да қалады, себебі неде, қандай жұмыстар қажет, мүмкін Сіздердің беріп отырған су қысымын ұлғайту керек шығар, мүмкін жертөледегі 10 жылдай бұрын ауыстырылған негізгі темір құбырды ауыстыру қажет шығар, егер ауыстыру қажет болса ауыстыру қажет деген жазбаша құжат бере аласыз ба деген сұрақтарға жауап алуымызды және көмек көрсетуіңізді сұрайды.
23 ы.а., 36 үй тұрғындарының атынан жазылған өтінішімізді қараусыз қалдырмай бұл мәселемізді шешіп береді деген үміттеміз.
Тұрғындардың қолы қойылған 2 беттегі сканерленген тіркемесі karagandisy2007@mail.ru поштасына жиберілді.
Құрметті Динара Малтабарова! 2015 жылдың 17 қарашасында Пришахтинскі сумен қамту цехының қызметкерлері «Жұлдыз» ПИК төрағасымен бірге 23 ықшам ауданы, 36-үй мекенжайы бойынша суық су қысымының өлшеуін іске асырды.
Құдықтағы қысым – 2,2атм, үй кірісіндегі қысым – 2,1атм құрады. Қысымның берілген көрсеткіштері тұрғын 5-қабатты үйді сумен қамту үшін жеткілікті болып табылады. Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрінің 2015 жылдың 28 ақпанындағы №163 Бұйрығымен бекітілген елді мекендерді сумен қамту және су бұру жүйелерін қолдану Ережелерінің 39т. сәйкес кондоминиум нысандарындағы сумен қамту бойынша теңгерімдік тиістілікті бөлу шекарасы – тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) сыртқы қабырғасы болып табылады. 23 ықшам ауданның №36 үйінің жертөле жайы бойынша өтетін су құбырына сәйкесінше ПИК қызмет етеді.
«Қарағанды Су» ЖШС қызметкерлерімен жертөлені қарау кезінде 5 және 7 подъезд арасындағы жертөле ажыратқышы кішірейтілген диаметрге ие екендігі анықталған.
№36 үй жертөлесіндегі осы аумақтың құбырын ауыстыру үшін «Жұлдыз» ПИК жүгінуіңізді ұсынамыз.
Бас директор Зейнұлқабден Т.