Новое обращение пользователя Айнур

ID - 1325

Question

Саламатсызба! 28.08.14 куні үйіме Қарағанды су қызметкерлері 5716 тг қарызым үшін пломбы қойып кетті. 29.08.14 күні берілген акт бойынша Ермекова 6 кошесіндегі мекемеге барып қарызымды өтеу барысында қиындықтарға кездестім. Жұмыскерлеріңіз толықтай апарған ақшамды қалдыққа,яғни сдачаға қайтаратын ақша жоқ деген сылтаумен қарызымды өтеуге мүмкіндік бермеді. Қосымша қарызымнан және суды қосу рақсат қағазын алу үшін төленетін ақыдан басқа тағы ақыларды төлеуді өтінді.Бірақ оны не ақы екенін түсіндірмеді. Сонымен қатар суды өшірмес бұрын маған ескерту қағазы келу керек еді, ондай ескертулер де болмады. Келген қызметкерлер орталық су тоқтату бұрандасын дұрыс бұрамаған, енді одан тоқтаусыз су ағып тур. Яғни соған сайкес мен енди жөндеу жұмыстарын өткізу керек боламын. Бирақ қарызымды өтей алмағандықтан оны да істей алмай отырмын, себебі бұранданы ауыстыру үшін маған қойылған пломбыны алып тастау керек болады. Осы себепті қандай шаралар жасауға болады? Суды үйдін иесісіз, және ескертусіз өшіруге боладыма? Ендігі кезекте менін тарапымнан қандай шаралар жасалу керек? Сізден жауап күтемін. Өтінеміз қызметкерлердің барлық нәрселерді толықтай түсіндіргенін қалаймыз және кішкене болсын сыпайылық көрсеткені дұрыс болар еді.

Answer

Уважаемая Айнур!

На Ваше обращение без указания адреса к ТОО «Караганды Су» № А-293 от 03.09.2014 года сообщаем. Согласно Закона Республики Казахстан «О естественных монополиях и регулируемых рынках», Типового договора на предоставление услуг по водоснабжению и/или приему сточных вод, утвержденного Постановлением Правительства Республики Казахстан от 28.11.2003 года №1194 года, п.18 Правил предоставления коммунальных услуг №1822 от 07.12.2000 года оплата должна производиться своевременно и в полном объеме не позднее 25 числа месяца, следующего после расчетного. Оплата должна производиться ежемесячно. Отсутствие оплаты до 25 числа является задолженностью и законно производится отключение. Согласно п.п.7.1.5 Публичного договора на предоставление услуг по водоснабжению и/или отведению сточных вод физическим лицам от 15.11.2013 года, Услугодатель имеет право в одностороннем порядке приостановить исполнение Договора в связи с неоплатой Потребителем полученных услуг при предупреждении об этом Потребителя за месяц. Предупреждение может быть направлено в платежном документе, ежемесячно предъявляемом к оплате Потребителю. Таким образом, направленная на Ваш адрес единая квитанция за теплоэнергию, электроэнергию и холодную воду с указанием суммы задолженности и требованием произвести оплату до 25 числа и является официальным документом. Для подключения к холодному водоснабжению необходимо оплатить задолженность и произвести оплату за расходы связанные с отключением/подключением в сумме 3500 тенге согласно калькуляции расходов приказ №110 от 31.01.2014 года, утвержденной Генеральным директором ТОО «Караганды Су».

Зам. генерального директора по Сбыту Сеньковский Н.П.

Құрметті Айнұр!

Сіздің 2014 жылдың 3 қыркүйегінен №А-293 мекен-жайы көрсетілмеген үндеуіңізге келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының «Нақты монополиялар және реттелуші нарықтар туралы» Заңына, 2003 жылдың 28 қарашасынан №1194 Типтік келісім-шарт пен Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2000 жылдың 7 желтоқсанында бекітілген №1822 25т. «Коммуналдық қызмет көрсету ережелеріне» сәйкес көрсетілген қызмет үшін төлем толық көлемде өз уақытында әр айдың 25 күнінен кешіктірмей төленуі тиіс. Көрсетілген қызмет үшін ақы ай сайын төленіп отырылуы керек. Әр айдың 25 күніне дейін ақы төленбеген жағдайда қарыз деп есептеліп заңды түрде су беру тоқтатылады. 2013 жылдың 15 қарашасынан 7.1.5 тармағы жеке тұлғаларды суық сумен қамтамасыз ету және/немесе ағынды суды бұру қызметін ұсынудың Жария келісім-шартына сай, Қызмет көрсетуші Тұтынушыға уақытылы төлем жасалмағандығын бір ай бұрын ескерте отырып бір жақты шешіммен Келісім-шарттың орындалуын тоқтатуына құқылы. Ескерту Тұтынушыға ай сайын жіберілетін ақы төлеу құжатында (түбіртекте) көрсетіледі. Сонымен, Сіздің мекен-жайыңызға жіберілген жылуэнегриясы, электрэнергиясы мен суық су қызметтеріне қарыз сомасы және әр айдың 25 күніне дейін ақы төлеу керектігі көрсетілген түбіртек ресми құжат болып саналады. «Қарағанды Су» ЖШС Бас директорымен 2014 жылдың 31 қаңтарынан бекітілген №110 шығындарды калькуляциялау бұйрығына сәйкес Суық сумен қамтамасыз ету қызметін қосу үшін қарызды және суық суды өшіру/қосумен байланысты 3500 теңге көлемінде шығындарды өтеу қажет.

Бас директордың өткізу қызметі

бойынша орынбасары: Н.П.Сеньковский