Уважаемые потребители! Передать показания приборов учета и заявки на опломбировку можно в онлайн режиме  через боты: WhatsApp   +7  778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot  

Новое обращение пользователя Кенжебекова Н

ID - 6441

Вопрос

Құрметті Данияр Бауыржанұлы! Мен Кенжебекова Н.Б. Октябрь ауданы Пришахтинск ауданының 21 ш.а. тұрғынымын.Екі баламда №18 ЖОБ мектепте оқиды.Мектепке балаларым Пирогова көшесімен барады.Бұл көшемен балалар мектепке барады, аялдамадан түскендер үйіне қайтатын жол.Бұл көшенің жолы әрдайым саз,батпақ, ойық ойық болып, бірнеше жыл жөндеу көрмеген.Бірақ, 2018 жылы Қарағанды қаласының Октябрь ауданының әкімдігі "Аулаларда жөндеу жұмыстарын жүргізу" бойынша нұсқауымен Пирогова көшесіне де асфальт төселген еді.Халықта шек болмады. Алайда, биыл 2019 жылы ақпан айынан бастап, ЖШС "Қарағанды Су" жұмыскерлері Пирогова көшесін түгелімен қазып, құбырларға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, бүкіл төселген асфальттың быт шытын шығарды.Мектепке баратын жолымыз қайтадан саз, балшық, қисық-қисық.Сол жолды ЖШС "Қарағанды Су" жөндеуін сұраймын.ЖШС "Қарағандв Су" Пришахтинск учаскесінің бастығы Мофа А.В қазба жұмыстарын әкімдік асфальт салғанша жөндеуге болмас па еді? Сізден осы мәселені қарастыруыңызды сұраймын. Мәселе шешілмеген жағдайда әкімдікке, телеаранға жүгінемін.

Ответ

Құрметті, Назкен! Пирогов көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу алдында, 2018 жылдың шілде айында «Қарағанды Су» ЖШС бригадасы Пирогов көшесі №7 үй мен № 11 үй аралығындағы, созылымдылығы 120 м апатты су құбырын ауыстыру жұмыстарын жүргізді.

Қыз мезгілі аяқталуына қарай, сыртқы ауа температурасының жоғарлауына байланысты аяз жерге кетеді, яғни, жер астындағы құбырларға қосымша қысым түседі. Соның салдарынан, 2019 жылдың наурыз айында Пирогов көшесі №13 және №19 үйлеріне қарама-қарсы су құбырында апат орын алды. ТОО «Қарағанды Су» ЖШС бригадасы созылымдылығы 80 м су құбырын ауыстырып, апатты жойды. Апатты жою бойынша негізгі жұмыстар жерде жүргізілді, бірақ құбырларды бір-біріне жалғастыру кезінде асфальт төсемесінің бөліктері бұзылды.

Бұзылған асфальт төсемесінің бөліктерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар, қазылған жерлерді асфальттау кестесіне сәйкес, 2019 жылдың жаз мезгілі уақытында «Қарағанды Су» ЖШС бригадасымен жүргізіледі. Сол уақытқа дейін, бұл қазылған жерлер Пришахтинск сумен қамту цехінің бақылауында болып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Сонымен қатар, су құбырын ауыстыру жұмыстары кезінде (2019 жылдың наурыз айы) «Қарағанды Су» ЖШС техникасы (грейдер) Пирогов көшесінің жолын еріп жатқан қар мен «ізаралықтардан» тазалау жұмыстарын жүргізді.

 

Басдиректор                                                             Д.Исаев