ТОО «Қарағанды Су» доводит до сведения потребителей услуг водоснабжения и водоотведения, что в соответствии с Приказом Департамента  Комитета по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан по Карагандинской области от 24 января 2025 года № 10-ОД,  в связи с утверждением инвестиционных программ на регулируемые услуги,  изменением стоимости стратегического товара(электроэнергии, покупной воды), изменением среднемесячной заработной платы по виду экономической деятельности в регионе по данным статистики,  а также в соответствии с приказом ТОО «Қарағанды Су» от               24 января 2025 года № 81 в связи с увеличением объемов и сокращением фактических затрат утвержденной тарифной сметы услуг водоснабжения,  утверждены тарифы на 2025 год  с вводом в действие с 1 февраля 2025 года: 1.      На услуги водоснабжения: Подача воды по магистральным трубопроводам (техническая вода) в размере 53,50 тенге за 1 м3 с учетом НДС; Для населения в размере  180,07 тенге за 1 м3 с учетом НДС;   Для ТОО «Окжетпес-Т» в размере 169,75 тенге за 1 м3 с учетом НДС; Для ТОО «Теплотранзит Караганда» в размере 266,46 тенге за 1 м3 с учетом НДС; Для ТОО «Караганда Энергоцентр»  в размере 269,38 тенге за 1 м3 с учетом НДС; Для организаций, содержащихся за счет бюджетных средств в размере 873,66  тенге за 1 м3 с учетом НДС; Для прочих юридических лиц  с объемом потребления услуг, не превышающим 5 тысяч м3 в год в размере 662,85 тенге за 1 м3 с учетом НДС; Для прочих юридических лиц  с объемом потребления услуг 5 тысяч м3 в год  и более в размере 1465,13 тенге за 1 м3 с учетом НДС. 2.      На услуги водоотведения: Для населения в размере 234,80 тенге  за 1 м3 с учетом НДС; Для организаций, содержащихся за счет бюджетных средств в размере 1006,72 тенге за 1 м3 с учетом НДС; Для прочих потребителей в размере 988,72 тенге  за 1 м3 с учетом НДС.

Новое обращение пользователя Гүлдәурен

ID - 12137

Вопрос

Сәуір айында ОПУВ 2,754 к су үшін және кәріз үшін маған төлем келген,егер мен ол суды пайдаланбасам неге маған начисление жасалған? Не үшін мен пайдаланбаған су мен кәріз үшін акша төлеуім керек???

Ответ

        Сіздің 2025 жылғы 14 мамырдағы № ФЛ-2341 өтінішіңізді қарастырып, жеке су есептегіші бойынша жүргізілген есептеулерге үйге ортақ су есептегіші бойынша есептелген айырма сомасы қосымша түрде қосылды, бұл есептеу қолданыстағы ҚР 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су кодексінің 92-7-бабының 2-тармағының 3-тармақшасындағы талаптар негізінде суды есепке алудың үйге ортақ аспабы арқылы көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) есепке алу міндетті болып табылады. 

         Тұтынушыларға кондоминиум қатысушыларына (көппәтерлі тұрғын үйлерде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін пайдаланатын тұтынушылар) сумен жабдықтаудың көрсетілген қызметтерінің көлемі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 Бұйрығымен бекітілген «Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесінің» 16- тармағының 5 және 3-тармақшасына сәйкес анықталады.                                            

          3) жеке есепке алу аспабын ішінара орналастырылған және үйге ортақ есепке алу аспабы болған кезде:

          есепке алу аспабы бар – жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша;

         есепке алу аспабы жоқ – жергілікті атқарушы органдар бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша.

         Үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының жиынтық көрсеткіштері және жергілікті атқарушы органдар бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша есептелген көлемдер арасындағы айырмашылықты пәтерлер, жанастыра салынған және жапсарлас салынған тұрғын емес үй-жайлардың иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған судың көлемдеріне барабар төлеуге жатады;       

          5) 100 % жеке есепке алу аспабы болған және үйге ортақ есепке алу аспабы болған кезде – жеке есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша.      

           Үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты пәтерлер, жанастыра салынған және жапсарлас салынған тұрғын емес үй-жайларыдның иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған су көлемдеріне барабар мөлшерде төлеуге жатады.    

         Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-I «Тұрғын үй қатынастары туралы» (бұдан әрі –Заң) Заңының 18.б 3.т сәйкес, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарға қатысады және осы Заңда көзделген міндеттерді атқарады.

         Заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.

 

       Дегенменде, ішкі инженерлік желілерді пайдалану кезінде судың шарасыз техникалық шығыны туындайды, ол мынадай факторлармен түсіндіріледі: үйдің ортақ мүлкі болып табылатын құбырларда су ағып кету, рұқсатсыз қосылымдар (врезкалар), сондай-ақ ортақ пайдаланылатын орындарда (мысалы, кіреберістерді тазалау, аула аумағын суару) суды тұтыну.       

     Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, тұтынушыда есепке алу аспаптары болуға міндетті.Осыған байланысты, сіздің үйіңіздегі тұтынушылар жеке су есептегіш құралдарын міндетті түрде орнатуы қажет. Олай болмаған жағдайда, «Қарағанды Су» ЖШС-і су есептегіш құралын мәжбүрлеп орнату және кеткен шығындарды өндіру туралы сотқа жүгіну құқығын өзінде қалдырады.

        2023 жылғы 6 қазандағы №707 бұйрықпен бекітілген «Су жеткізу және су бұру қызметтерін көрсетуге арналған жария шарттың» 7-тарауы 2-тармағының 7- тармақшасына сәйкес,тұтынушы су есептегіш құралдарының көрсеткіштерін алу және олардың жұмысқа жарамдылығын тексеру, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау, ағынды сулардан сынамалар алу, сондай-ақ берешек болған жағдайда тұтынушының желілерін ажырату мақсатында олар орналасқан аумаққа немесе тұтынушының иелігіндегі орындарға қызмет көрсетуші ұйым өкілдерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.                

    «Қарағанды Су» ЖШС-і сындарлы  өзара байланыс  орнатуға арекет жасайды  және Сіздің түсінігіңіз бен серіктестігіңізге сенім артады. Су есептегіш құралын орнату – бұл заң талаптарын орындау ғана емес, сонымен қатар ресурстарды ұтымды пайдалану және тұтынылған су үшін әділ төлем жасау мүмкіндігі.

       Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексінің 22 бабының 2 тармағының 5 тармақшасына және 91 бабының 1-тармағына сәйкес арыз иесінің әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым беруге құқығы бар.

Бас директордың құқықтық мәселелер

және сату қызметі бойынша орынбасары                                             Ж. Ескенова