Уважаемые потребители! Передать показания приборов учета и заявки на опломбировку можно в онлайн режиме  через боты: WhatsApp   +7  778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot  

Новое обращение пользователя бакытжан

ID - 1643

Вопрос

Сәлеметсіз,Мәртебелі мырза Табиғат Қабденұлы!Рамазан айы мүбарак болсын,отбасыңыз аман болып,тілегіңіз қабыл болсын,демекпін.
Кешіріңіз,бірақ суық су мен канализацияға неге 0,01% пения қосасыз?итак,айлық төлем ақысын төлей алмай отырғанда?
Біз №178702О абонент-піз.Ол үйде 2012жылдан-2015жылдың 25.06-ға дейін ешкім тұрмайды,өйткені төбесі ағып,ремонтсыз,быт-шыт,тұруға келмейді.Төбені жөндеуге көршілер қосылғысы келмейді,өйткені крыша общая.Ал жеке өзіміз жөндеуге көп қаражат керек.Ал,біз жетім-жесір жанбыз.Сол үйдегі подьездміздің бүкіл көршілеріміз бұны біледі.жылда-жылда ниеттенеміз,көршілерге ақша жинаңдар деп айтудан шаршадық.Ремонттап ол үйді сату-біздің нақты мәселеміз!
Сондықтан бізге суық суға 2012-2015суық су мен канализация айлық начисленияларын,төлемін толық алып тастауға,перерасчет жасауға көмектессеңіз.Жетім-жесірге жасаған жақсылығыңыз үшін бір АЛЛА-ТАҒАЛАНЫҢ нұр-шапағаты Сізге жіне отбасыңызға төгілсін,жақсылығыңызды АЛЛА-ТАҒАЛА қайтарсын,Аминь!!!..Ол үйде тұрмайтынымызды дәлелдейтін қандай құжатты дайындайық?Әлде,Өтініш жазып,көршілердің қолын қойдырып тапсырайық па?Егер тұрып жатсақ,естественно суық суды қолданасіз ғой,онда міндетті түрде төлеуге обязан.Ал,біз тұрмаймыз.Осы мәселені тез арада шешеіп беруіңізді өтінемін жәнеде бұл мәселе Өзіңізбен шешеілмейінше 0,01% пениені қоспауыңызды тағы өтініп сұраймын.
Аса мәртебелі мырза Табиғат Қабденұлы Сіз көмектесіңізші осы мәселемізді шешеіп беруге..
Алдын ала ұлкен рахмет и низкий поклон Вам.
А/қ: 178702 абонент.с/тел:87024122857,87001452598.

Ответ

Құрметті Бакытжан!

Мәліметтердің ақпараттық базасы бойынша Сіздің мекен жайыңыз бойынша 2015 жылдың 26 маусымындағы сумен қамту және ағынды суларды бұру қызметтері үшін қарыз сомасы 10 890, 35 теңгені құрайды, есептеулер тұрғылықты 1 адам саны үшін норма бойынша жүргізіледі.

2012 жылдан бастап 2015 жылдың маусым айына дейінгі кезең үшін есептеулерді қайта есептеу сұрағы жөнінде келесіні түсіндіреміз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 07 желтоқсанындағы №1822 коммуналдық қызметтерді ұсыну Ережелерінің т.26 сәйкес төлемнің қайта есептелуіне алып келетін барлық өзгерістер жүгіну сәтінен бастап жүргізіледі.

Егер пәтер техникалық жағдайы бойынша тұруға жарамды болмаса, онда Сізге Восток-2, құр. 16/2 мекен жайы бойынша орналасқан тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша орналасқан абоненттік участокқа жүгініп, пәтерішілік желілерді ажырату туралы акті құру үшін инспектор бақылаушыны шақыру керек еді немесе пәтерішілік байламды ретке келтіріп, есепке алу аспабын орнату қажет еді.

2009 жылдың 01 қыркүйегінен бастап сіздің дербес шотыңыз бойынша ретті түрде төлем түсіп отырған. 44 863,96 теңге есептеу сомасы жағдайында Сіз 34 769, 96 теңге төлем жасағансыз, сәйкесінше, Сіз коммуналдық қызметтерді қолдандыңыз.

Жоғарыда мазмұндалғандар негізінде Сіздің өтінішіңіз бойынша қайта есептеуді жүргізу сұрағы жөнінде бас тартылды.

2015 жылдың 26 маусымында Сіздің мекен жайыңыз бойынша пәтерішілік желілерді ажырату туралы актіге сәйкес құбырда жабық күйінде суық су вентелін пломбылау арқылы сумен қамту қызметтерінен ажырату іске асырылған. 2015 жылдың 26 маусымынан бастап сумен қамту және ағынды суларды бұру қызметтері үшін есептеулер жүргізілмейді.

Қызметтерге қосылу жағдайында Сізге жазбаша өтінішіңізбен бірге тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша абоненттік участокқа жүгіну қажет.

10 890,35 теңге көлеміндегі қарызды төлеуіңіз қажет. Сіздің дербес шотыңыз бойынша төлемдердің мерзімінің асуы үшін өсімпұлдар есептелмейтін болады.

Бас директор Т.Зейнұлқабден