В связи с переходом на электронный формат Единого платёжного документа (далее-квитанция) в соответствии с Пунктом 20 Перечня коммунальных услуг и Типовых правил предоставления коммунальных услуг, утверждённым Приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 29.04.2020 года № 249, с изменениями, внесенными приказом Министра промышленности и строительства РК от 29.08.2025 № 336, с 2026 года доставка бумажных квитанции будет отменена. Тем, кому необходима бумажная квитанция, её доставка будет осуществляться по предварительному заявлению. Получить квитанцию вы можете на сайте www.erc.kz и в приложении Kaspi.kz.

Новое обращение пользователя Айдар

ID - 12338

Вопрос

Ассалаумағалайкум Ербол Уалиұлы!
Өткен аптада көрші Каперника көшесінде су құбыры жарылған болатын, жөндеуден кейін су қосқанда біздің Памир көшесінде 82, 57 үйде құбыр жарылды. Гидросоққы болған сияқты, сіздерге қоңырау салсақ суды жабу үшін, құдықты өздерін ашып алындар деді. Былтыр көшеде газ жүргізген болатын сондықтан жалдаған трактор құдықты қазып табу дан бас тартты, 60 жыл бойы ашылмаған құдықты 3 күн бойы қолмен қаздық әрен дегенде 1 м. төмендіктен. таптық. Ашып қарасақ құдық құм аралас сумен толып қалыпты. Сізден сұрайтын өтінішім бізге сол құм аралас суды соратын арнайы көлік берсеніз үлкен көмек болар еді. Дәл қазір үйімізді су басып жатыр.
Көмек сұраушы көп балалы жан ұя

Ответ

Сіздің өтінішіңізге жауап ретінде хабарлаймыз, 2026 жылғы 9 сәуірде «Қарағанды Су» ЖШС Орталық су жабдықтау цехының бригадасымен көмек көрсету аясында Памирская көшесі, 82-үй мекенжайында орналасқан жеке су құбыры құдығын тазалау жұмыстары жүргізілді. Аталған құдықты тазалау барысында осы үйдің жеке су құбыры желісінде ағып кету фактісі анықталды. Диаметрі 32 мм жеке су құбыры желісі бітеліп (жабылып), тиісті акт жасалды.

Назарларыңызға саламыз, тұтынушының меншігіндегі су құбыры желілерін техникалық тұрғыда жарамды күйде ұстау, олардың жай-күйін бақылау, сондай-ақ жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу тұтынушының міндеті болып табылады.

 

          

Бас  инженер                                                                                Құдашбаев Қ.Д.ПТС                                                                А. Роличачальника

Келісілді:

ПТС бастығы                                                                                Ролич А. С.