Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

Жоспарлы-профилактикалық дезинфекция 29.06-30.06.2023ж

Құрметті «Қарағанды Су» ЖШС тұтынушылары: Қарағанды қ., Теміртау және Ақтас кенті!

 

29 маусым күні сағат 13.00-ден 30 маусым күні түнгі сағат 1.00-ге дейін «Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтауды ажыратпай, су құбыры желілеріне жоспарлы-профилактикалық дезинфекция жүргізетін болады.

Осыған байланысты, 29 маусым мен 30 маусым күндері сағат 13.00-ден бастап Қарағанды және Теміртау қалаларының тұтынушыларына су хлордың жоғары дозасымен берілетін болады. Ақтас кентінің тұтынушыларына хлордың жоғары дозасы бар су 2023 жылғы 30 маусымда беріледі.

Желулерді дезинфекциялау кезеңінде суды ішуге және онымен тамақ дайындауға ұсынылмайды.

Тұтынушыларға қажетті су қорын толтырып алуды ұсынамыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.