«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

«ЖАҢА ПАРАҚТАН» АКЦИЯСЫ

 «ЖАҢА ПАРАҚТАН»АКЦИЯСЫ

 

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ және АҚТАС елді мекені

ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

 

«Қарағанды ​​Су» ЖШС 2021 жылдың 1-30 маусымы аралығында

«ЖАҢА ПАРАҚТАН» АКЦИЯСЫН жүзеге асырады!

 

Акцияның мақсаты – сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қосылуларды немесе басқа да қосымша қосылуларды тіркеу.

 

Акцияның мәні – жеке және заңды тұлғалардың:

1. ресми қосылу бар бола тұра, сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қосымша қосылулардың болуы жөнінде;

2. қызметтерді жеке шоттарсыз және келісім-шартсыз пайдалану (яғни «Қарағанды ​​Су» ЖШС қызметтері үшін төлемге түбіртек - (ОТҚ) берілмесе, есептеу жүргізілмесе);

3. есептегішті айналып өтіп, сумен жабдықтау желісіне қосылулар болған жағдайлар туралы хабарлауы.

 

Акцияның өткізілу уақытында, ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін, Сумен жабдықтау және су бұру бойынша қызметтеріне Үлгі шарттың/ Сумен жабдықтау және су бұру бойынша қызметтерін ұсынуға арналған Жария шарттың/ Жеке келісім-шарттардың (заңды тұлға) жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша қосымша есептеулер жасалмайды.

 

Науқан кезеңінде заңсыз қосылулар туралы хабарламаған және заңсыз қосылу фактілерін «Қарағанды Су» ЖШС өкілдері анықтаған тұтынушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес санкция салынады.

Сіз заңсыз қосылулар туралы «Қарағанды ​​Су» ЖШС сату қызметінің абоненттік бөлімшелерінің мекен-жайы бойынша хабарлай аласыздар:

-

Жаңа қалалық (Жаңа қала, Михайловка): Пригородная көшесі 2 В құрылым – «Қарағанды Су» ЖШС орталық кеңсесіне қарама қарсы.Тел.:51-08-46,50-68-07.

-

Оңтүстік-Шығыс:Сатыбалдина көшесі 11/7 үй.Тел.:33-33-45,33-32-70.

-

Майқұдық:Мамраев шағын ауданы 21/2 құрылым Тел.:77-95-77.

-

Пришахтинск:Зелинского көшесі 18 үй.Тел: 32-66-36,48-24-09.

-

Ақтас: 8 март көшесі 20 үй.Тел: 8(72137)5-48-88.

-

Теміржол:Локомотивная көшесі 141-66.Тел:47-32-99.