«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Тұтынушылар назарына!

«Қарағанды Су» ЖШС өз тұтынушыларының назарына Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қарағанды облысы бойынша Департаментінің 2021 жылдың 23 қыркүйегіндегі №175-НҚ Бұйрығы негізінде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1 -тармағы 1-пунктіне сәйкес 2021 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанға дейін әрекет ететін тарифтердің бекітілгендігін хабарлайды:

 

1.1. Тұтынушылар тобына су шаруашылық жүйесі қызметтеріне:

- магистральды құбыр жолдары арқылы су беру (техникалық су) ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 29,97 теңге;

- халық үшін                                                             ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 101,24 теңге;

- «Теплотранзит Караганда» ЖШС үшін             ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 131,16 теңге;

- «Караганда Энергоцентр» ЖШС үшін               ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 107,23 теңге;

- «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін                                    ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 83,56 теңге;

- бюджеттік қаражаттар есебіндегі мекемелер үшін ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 737,27 теңге;

- су тұтыну көлемі жылына 5000 м3 аспайтын өзге заңды тұлғалар үшін ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 325,05 теңге;

- су тұтыну көлемі жылына 5000 м3 асатын өзге заңды тұлғалар үшін ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 718,48 теңге.

 

1.2. Тұтынушылар тобына кәріз жүйесі қызметтеріне:

- халық үшін ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 90,78 теңге;

- бюджеттік қаражаттар есебіндегі мекемелер және өзге тұтынушылар үшін ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 374,74 теңге;

- өзге тұтынушылар үшін ҚҚС-пен бірге 1 м3 үшін 350,73 теңге.