«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

«Тұрғындарға сумен жабдықтау және/немесе су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған Жария келісім-шарттының» жаңа басылымын бекіту туралы»

«Қарағанды Су» ЖШС өз тұтынушыларын 29.12.2020 ж. №1005 бұйрығымен бекітілген және 30.01.2021 ж. қолданысқа енген халыққа сумен жабдықтау және/немесе су бұру қызметтерін көрсетуге арналған Жария шарттың орнына 14.01.2022 жылы №30 бұйрығымен бекітілген Қарағанды қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындарына сумен жабдықтау және/немесе су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған Жария келісім-шарттың жаңа редакциясының жарияланғаны туралы хабарлайды.

«Тұрғындарға сумен жабдықтау және/немесе су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған Жария келісім-шарттың» жаңа басылымының толық мәтіні «Қарағанды Су» ЖШС ресми сайтында http://kar-su.kz/  (привести ссылку) 2022 жылдың 18 қаңтарында жарияланды.

Тұрғындарға сумен жабдықтау және/немесе су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған Жария келісім-шарттың жаңа басылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы «Реттелетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» № 58 бұйрығына сәйкес дайындалған және «Қарағанды Су» ЖШС ресми сайтында http://kar-su.kz/ жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң қолданысқа енеді.

Тұрғындарға сумен жабдықтау және/немесе су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған Жария келісім-шарттың жаңа басылымы қолданысқа енгізілгенге дейін Тұтынушы мен «Қарағанды Су» ЖШС-ның өзара қарым-қатынасы қолданыстағы 29.12.2020 ж. №1005 бұйрығымен бекітілген және 30.01.2021 ж. қолданысқа енгізілген халыққа сумен жабдықтау және/немесе су бұру қызметтерін көрсетуге арналған Жария шартпен реттеледі.

14.01.2022 жылдың №30 бұйрығымен бекітілген Қарағанды қаласының және Ақтас кентінің тұрғындарына сумен жабдықтау және/немесе су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған Жария келісім-шарттың жаңа басылымы қолданысқа енгізілген күнінен бастап Жария келісім-шарттың бұрынғы басылымы күшін жояды.