«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Сұрыптау, Жұмысшы пос. және Компанейск

Құрметті, Сұрыптау, Жұмысшы пос. және Компанейск 

мекенжайының тұрғындары!

21 маусымда сағат 12.20-да диаметрі 500 мм №6 магистральдық су құбырында жоғарыда аталған тұтынушыларға су беретін п/эт. құбырында эстакаданың артында Сұрыптау бағытында апат орын алды. 21 маусым күні сағат 12.20-дан бастап «Қарағанды Су» ЖШС суды бұру, топырақ себу, авариялық жұмыстарға материалдар мен жабдықтарды дайындау бойынша дайындық жұмыстарын орындайды.

Тұтынушылардың қажетті су қорын жинап алуы үшін №6 су құбыры арқылы су беру 2023 жылғы 22 маусым түні сағат 1.00-ге дейін жүзеге асырылады.

22 маусымда түнгі сағат 1.00-де су құбыры арқылы су беру тоқтатылады және түнде су құбырынан су ағызу жұмыстары басталады, содан кейін авариялық-қалпына келтіру жұмыстары басталады.

Тұтынушыларға күнделікті ауыз су қорын жинап алуды ұсынамыз.

Су тасымалдау, ең алдымен, әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілер бойынша ұйымдастырылады: балабақшалар мен мектептер және т. б. Тұрғын үйлердің су тасымалдауға өтінімдері сумен жабдықтау Теміржол цехының авариялық қызметінің нөмірі бойынша қабылданатын болады: 8(7212)47-11-16.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.