«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану жауапкершілігін бөлу шекаралары

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 163 «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидалары» бұйрығына сәйкес:

2-параграф. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезіндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасын анықтау тәртібі.

      37. Қызмет көрсетуші мен жеке меншік тұрғын үйдің иесі немесе заңды тұлға болып табылатын тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру желілері арасындағы теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы болып елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қосылған жердегі құбырға ұштасу болып табылады.

      38. Мыналар:
- сумен жабдықтау бойынша - ғимаратқа су құбырын енгізудегі бірінші ысырманың бөлуші фланеці;
- су бұру бойынша - елді мекеннің су бұру желілеріне қосылатын жердегі құдық кондоминиум объектілерінде пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы болып табылады.

      39. Мыналар:

- сумен жабдықтау бойынша - тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) сыртқы қабырғасы;

- су бұру бойынша - елді мекеннің су бұру желісіне құдықпен түйісу орнына шығаруы кондоминиум объектілерінде теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы болып табылады.

      40. Кондоминиумға қатысушылардың жалпы үлестік меншігі болып табылатын үйге ортақ желілерді тиісті техникалық жағдайда ұстауды  және қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етуді кондоминиумның басқару органы, кондоминиум тіркелмеген жағдайда жалпы үлестік меншік иелері жүзеге асырады.