«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Пришахтинск тұтынушыларының назарына! 22.11.21

Пришахтинск тұтынушыларының назарына!

Луганская көш. №45-83 үйлер, Серикбаева көш. №31-128, Павлодарская көш. №29-132, Ударная 1-114, Топарский 4-14, Кольский 3-14, Кооперации 33-69, Мясников 29-113, Джангильдин көш №30-107 үйлер, Ковалевского №19-36 үйлер, Черемховский көш. 24-64, Рыльский көш. №29-49, Павлов көш. №17-51, Щербаков 42-90, Васильевская көш. 48-60, Жуковский 25-58, Ушинский №30-58, Коммуны 30-58, Иманжанов көш. 31Б-57, Шаханская көш. 5-9, Донецкая 71-79, Кемеровская 30-38,97-114, Екібастұз көш. №109 үй!

 

22 қараша күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін «Мелиоратор» ЖШС Луначарского көшесіндегі жаңа су құбырын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізеді.

Осыған байланысты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жоғарыда аталған тұтынушыларға су беру тоқтатылады. 

Тұтынушыларға қажетті ауыз су қорын алып алуды ұсынамыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.