«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

«Кондоминиум объектісін атқарушы басқару органы мен «Қарағанды Су» ЖШС арасындағы ынтымақтастықтың жария келісім-шартын бекіту туралы»

«Қарағанды Су» ЖШС  «Кондоминиум объектісін атқарушы басқару органы мен «Қарағанды Су» ЖШС арасындағы ынтымақтастықтың жария келісім-шартының» жарияланғандығы туралы су бұру қызметтерін көппәтерлі тұрғын үйлерде пайдаланатын тұтынушыларына және кондоминиум объектілерінің басқару органдарына хабарлайды.

«Кондоминиум объектісін атқарушы басқару органы мен «Қарағанды Су» ЖШС арасындағы ынтымақтастықтың жария келісім-шартының» толық мәтіні «Қарағанды Су» ЖШС ресми сайтында http://kar-su.kz/,«Құқықтық ақпарат» қосымша бетінде қазақша және орысша редакциясында жарияланған.«Кондоминиум объектісін атқарушы басқару органы мен «Қарағанды Су» ЖШС арасындағы ынтымақтастықтың жария келісім-шартының» толық мәтінінің жарияланғандығы туралы «Қарағанды Су» ЖШСресми ақпараттық ресурстарында –ресми сайтында http://kar-su.kz/, Instagram @karagandysu,  Facebook @karagandasu хабарланды.

«Кондоминиум объектісін атқарушы басқару органы мен «Қарағанды Су» ЖШС арасындағы ынтымақтастықтың жария келісім-шарты» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфоқұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 250 «Мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен коммуналдық көрсетілітін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын бекіту туралы» бұйрығынажәне  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дайындалды және  «Қарағанды Су» ЖШС ресми ақпараттық ресурстарында жарияланғаннан күннен 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет ете бастайды.

Кондоминиум объектісін атқарушы басқару органы мен «Қарағанды Су» ЖШС арасындағы ынтымақтастықтың жария келісім-шарты кондоминиум объектісін Атқарушы басқару органы мен кондоминиум объектілері – көпқабатты үйлерге сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін Жеткізушімен қарым-қатынасын реттейтін құқықтық құжат болып табылады.

Кондоминиум объектісін атқарушы басқару органы мен «Қарағанды Су» ЖШС арасындағы ынтымақтастықтың жария келісім-шарты оқу арқылы Тұтынушы келесілерді білетін болады:

·

Көп қабатты үйлердегі үйішілік инженерлік желілер мен үйге ортақ суды есепке алу аспаптарының сақталуына, күтіп-ұстауына кім жауапты?

·

Көп қабатты үйлерде үйге ортақ суды есепке алу аспаптарын кім сатып алуы, орнатуы және күтіп-ұстауы тиіс?

·

Қазақстан Республикасының қандай нормативтік-құқықтық актісі негізінде көп қабатты үйлерде үйге ортақ суды есепке алу аспаптары арқылы суды есепке алу міндетті?

·

Көп қабатты үйлерде тұратын тұтынушыларға судың есебі қалай жүргізіледі және қандай нормативтік-құқықтық акт негізінде?