«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Есептегіштің тексеру мерзімі бітті

 

 

 

Құрметті тұтынушылар!

«Қарағанды Су» ЖШС 2024 жылы сәуір айынан бастап жеке есептеу құралының(бұдан әрі- ЖЕҚ) тексеру мерзімі өткен тұтынушылар автоматты түрде тұтыну нормасына көшірілетінін хабарлайды. Мұндай тұтынушыларға төлем ақы норма бойынша тұратын адам санымен жүргізіледі.

Осыған байланысты, ЖЕҚ тексеру мерзімі өткен тұтынушыларға есептеу қүралдарын импульсты есептеу құралына ауыстыру немесе есептеу құралын қайта тексеруден өткізуге қажет.

Толық ақпаратты тұрғылықты мекенжай бойынша ораналасқан абоненттік бөлімшелерден білуге болады.