«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР

«Қарағанды Су» ЖШС келесі жұмыстар түрлері бойынша сапалы қызметтер көрсетеді:

1. Сыртқы сумен қамту және кәріз жүйесі желілерінде, ішкі ажыратқыштарда құрылыс-монтаж жұмыстары; 

2. Кәріз жүйесі мен сумен қамту желілерін жылыту;

3. Кәріз жүйесі:

- септикті ағызу м3 – 900 теңгеден 3000 теңгеге дейін.

- кәріз жүйесі желілеріндегі бітеліп қалуларды жою (қолмен атқарылатын жұмыстар) - 1м – 1000 теңге;

- кәріз жүйесі желілеріндегі бітеліп қалуларды каналтазартқыш техника көмегімен жою – 1 сағаты 10000 теңгеден  15000 теңгеге дейін. 

- кәріз жүйесі құдығын тазарту – 12 500 теңге. 

4. Сыртқы сумен қамту және кәріз жүйесі желілері жобаларын орындау, су шығынын есептеу; 

5. Су жеткізу:

- ГАЗ-3309-0357 (су мөлшері 4м3) су тасу техникасы – 10000 теңгеден  11500 теңгеге дейін;

- ЗИЛ-431 (су мөлшері 6м3) сорғылы су тартқыш техника –14500 теңгеден  16000 теңгеге дейін.

6. ЖЕА (жеке есептеу аспабы) орнату – 1200 теңгеден 4000 теңгеге дейін.

Байланыс телефондары: 56-49-09, 56-19-37, 32-02-07