Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

27 шілдеден бастап 27 тамызға дейін Смелый қиылысынан бастап автожолының жабылатыны туралы хабарлаймы

Құрметті қала тұрғындары!

27 шілдеден бастап 27 тамызға дейін Смелый қиылысынан бастап автожолының жабылатыны туралы хабарлаймы: Баженов көшесінен бастап Западная көшесі, 91 дейін.

Инвестициялық бағдарлама бойынша 27 шілдеден бастап "Қарағанды Су" ЖШС бригадасы көлденең бағытталған бұрғылау қондырғысын қолдана отырып, траншеясыз технология бойынша ұзындығы 320 м п/эт құбыр Смелый қиылысының су құбыры желісін ауыстыруға кіріседі.

 Траншеясыз технология қалыптасқан инфрақұрылымды бұзбай құбырларды ауыстыруға мүмкіндік береді.

 Жүргізушілерден айналма жолды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

 Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.