«Қарағанды Су» ЖШС-і Қазақстан Республикасының 28.12.2018 жылғы №204-VI ҚРЗ  «Табиғи монополиялар туралы» заңына сәйкес тұтынушыларға суық сумен жабдықтаужәне ағынды суларды қабылдау бойынша қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасының 09.07.2003 жылғы Су кодексінің 92-7 бабының 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес «Суды есепке алудың үйге ортақ аспабы арқылы көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) есепке алу міндетті болып табылады». Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 215- бабына сәйкес «Үлесті меншіктің әрбір қатысушысы ортақ мүлік бойынша өз үлесіне сәйкес салықтар, алымдар және өзге де төлемдер төлеуге, сондай-ақ оны күтіп ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға қатысуға міндетті».                                                                                                                                              Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері, үйге ортақ суды есепке алу аспабы бойынша коммерциялық есепке алу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі  Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығымен бекітілген Елді мекендерді сумен жабдықтау және ( немесе ) су бұру қызметтерінің ұсынылған көлемдерін есептеу  Әдістемесінің (бұдан әрі – Әдістеме ) 3-тарауының 16- тармағының 3 және 5- тармақшаларына сәйкес  жүргізіледі.         Үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты пәтерлер, жанастыра салынған және жапсарлас салынған тұрғын емес үй-жайларыдның иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған су көлемдеріне барабар мөлшерде төлеуге жатады.        Жоғарыда айтылғандар негізінде, «Қарағанды Су» ЖШС-і 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап суды есепке алудың үйге ортақ есепке алу аспабы бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің коммерциялық есебін енгізу туралы хабарлайды.     «Қарағанды Су» ЖШС

23.11.21 Жұмыс уақытында судың өшірілуі: Бұқар Жырау даңғылы №1-69 үйлер (тақ жағы), Бұқар Жырау даңғылы 42,44,46,48,48а,50,52, Ерубаев көш. 43а, 43б, Жауынгер-интернационалисттер көш. №2-32 үйлер, Чкалов көш. №1-10 үйлер, Мичурин көш. №1-21/1,21/

Құрметті тұтынушылар: 

Жұмыс уақытында судың өшірілуі: 

Бұқар Жырау даңғылы №1-69 үйлер (тақ жағы),

Бұқар Жырау даңғылы 42,44,46,48,48а,50,52,

Ерубаев көш.  43а, 43б, 

Жауынгер-интернационалисттер көш. №2-32 үйлер, 

Чкалов көш. №1-10 үйлер, Мичурин көш. №1-21/1,21/2 үйлер, Аманжолов көш. №1-189 үйлер, Крылов көш. №1-101, С.Сейфуллин даңғылы №1-21 үйлер, Музейный №3-6 үйлер, Московская көш. №1-12 үйлер, Ашляев көш. №1-12, Коммунальная көш. №1-12, Ипподромная көш. №1-9 үйлер, Әлиханов көш. №1, 2, 4, 5, 6, 8, 8А, 10, 10А, 12, 12а, 14а, 14б үйлер, Охотская көш. №2а, Казахстанская көш. №12,20!

 

Су қысымының төмендеуі: 45 орам ауданы (жоғарғы қабаттар).

 

2021 жылдың 23 қарашасында сағат 03.00-ден 23.00-ге дейін «Қарағанды Су» ЖШС Жауынгер-интернационалисттер көшесінің бойымен диаметрі 300 мм және 500 мм су құбырларын диаметрі 800 мм жаңа полиэтиленді құбырға қосу жұмыстарын жүргізеді.

Осыған байланысты жұмыс уақытында жоғарыда аталған тұтынушыларға су беру тоқтатылады.

Су құбырының жаңа учаскесін пайдалануға беру аяқталғаннан кейін су құбыры дезинфекцияланады. Су ауыз су нормасы шегіндегі хлор дозасымен беріледі.

Тұтынушыларға қажетті суық су қорын алып алуды ұсынамыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.