Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

2023 жылғы 2 қарашадан 18 қараша аралығында Н. Назарбаев даңғылы(тақ жағы)

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары !

2023 жылғы 2 қарашадан 18 қараша аралығында Н. Назарбаев даңғылы(тақ жағы), Ерубаев көшесінен Б. Жырау даңғылына дейінгі диаметрі 315 мм су құбыры желісін реконструкциялау бойынша жұмыстардың жүргізілуіне байланысты автокөліктің өтуі үшін жол учаскесі жабылады.

Жұмысты «Қарағанды Су» ЖШС бригадасы траншеясыз технология бойынша жүргізеді.

Жүргізушілерден айналма жолды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.