Құрметті тұтынушылар! Есептегіштердің көрсеткіштерін және пломбалауға өтінімдерді онлайн боттар арқылы жіберуге болады: WhatsApp +7 778 089 4931 Telegram @ qaragandy _su_bot

2023 жылдың 14 тамызынан 14 қыркүйегіне дейін Бадин көшесіндегі

Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2023 жылдың 14 тамызынан 14 қыркүйегіне дейін Бадин көшесіндегі су құбыры желісін ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты Бадин көшесінен 23-25 бұрышы Қазақстан көшесі ДСК көпіріне (С. Сейфуллин көшесі) дейінгі жол учаскесі жабылатынын Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз. 

Осы учаскеде "Қарағанды Су" ЖШС бригадалары инвестициялық бағдарлама бойынша көлденең бағытталған бұрғылау қондырғысын қолдана отырып, ұзындығы 3053 м су құбыры желісін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізуде. 

Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.