«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

ХАБАРЛАНДЫРУ

2020 жылдың 19 қазанында сағат 11:00-де Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Пригородная көш. 2В құрылым, 3 қабат, акт залында, сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде (https:// www. facebook.com /dkrem.krg) 2021-2025 жж. сумен қамту мен су бұру қызметтеріне субъекттің шекті тарифі жобасы бойынша жариялы тыңдаулар өткізіледі. Ұйымдастырушы: ТМРКД, Қарағанды қ.,.Костенко көш., 6, тел.: 8 (7212) 42-67-00, 41-18-27, www.kremzk.gov.kz.

Субъект: «Қарағанды Су» ЖШС тел.: 8 (7212) 91-34-59.

Карантиндік шараларға байланысты келушілерде медициналық маска, қолғап, антисептиктер болуы қажет, әрі ара қашықтық сақталуы тиіс. Қарағанды облысы санитарлық дәрігерінің карантинді шараларға қойылатын талаптарының өзгеруі жағдайында жариялы тыңдаулардың өткізілу форматы мен орны өзгеруі мүмкін, ол жөнінде қосымша хабарланады. 

Сонымен қатар, жариялы тындауда қатаң санитарлы-эпидемиологиялық нормаларды сақтаушы азаматтар қатыса алады. ҚР Бас санитарлы дәрігерінің 15.08.2020 жылдың №48 Қаулысының 6 Қосымшасы негізінде жариялы тыңдаулардың қатысушыларына келесі талаптар қойылады: 

1)ПТР әдісімен COVID-19 тестілеудің теріс нәтижесінің болуы, нәтижені алған уақыт 3 тәуліктен аспауы қажет;

2)жариялы тыңдалым өтетін бөлмеде өткізген уақыт бойы респираторлық үлгідегі медициналық маскаларды қолдану;

3)әлеуметтік қашықтықты сақтау;

4)қол алысу немесе басқа да тікелей байланыс түрлерін шектеу.