«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Суық суды есептеу құралдары

Суық суды есептеу құралдары

 

Отбасылық бюджетті үнемдеудің бірінші қадамы –

пәтерде жеке суды есептеу құралдарын орнату

 

Біріншіден, есептеу құралы бар болған жағдайда, Сіз тек іс жүзінде қолданылған су үшін төлем жасайтын боласыз. Жекелеген су есептеуішті орнатқаннан кейін, Сіз су үшін пәтердегі тұрып жатқан барлық тұрғын санына төлеу нормативі бойынша төлем жасамайтын боласыз.

Екіншіден, әдетте, суды үнемдеп пайдаланған жағдайда, оның іс жүзіндегі тұрмыстағы шығыны бекітілген тұтыну нормаларынан әлдеқайда аз болады. Сондықтан, есептеуіштерді орнатып, тұрмыста суды тиімді пайдаланған жағдайда, сумен қамту мен су бұру қызметі үшін төлем жасауда айтарлықтай үнем жасауға болады.

Үшіншіден, тұтынылған судың жалпы көлемінің 77%-ы пайдалы су тұтынуды құраса, 23%-ы шығындарды құрайтындығын тәжірибе көрсетеді. Тұтынушыларға берілетін суды есепке алу су шығынымен күресудің ең нәтижелі құралы болып табылады. Есептеу құралдары орнатылған жағдайда су тұтыну көлемі азаятындығын көптеген деректер растайды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша су есептеуіштер 33%  суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сіз тіпті суды даярлау нысандары мен желілері жүктемесін азайтасыз. Суды үнемдей отырып, сіз тек жеке қаражатыңызды үнемдемейсіз, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға болысасыз: суды даярлау үшін аз табиғи су қажет болады, пайдаланылғаннан кейін су қоймасына аз мөлшерде су түсіріледі. Сіз үшін тиімді, экология үшін пайдалы!

Суық суды есептеу құралдарын орнатуды қаланың барлық аудандары бойынша «Қарағанды Су» ЖШС Сату қызметі жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар бойынша күніне шамамен 20-25 суық су есептеу құралдары орнатылады. Міндетті тәртіпте есептеу құралының пломбылануы, яғни оны есепке алу жүргізіледі. Есептеу құралын орнатқаннан кейін міндетті түрде әуелгі есептеу құралын шешу / есептеу құралын ауыстыру / есептеу құралын орнату туралы бекітілген үлгідегі акті жасалады.

 

«Қарағанды Су» ЖШС-нің суық су есептеу құралдарын орнату қажеттілігі туғанда, байқауаралық интервал уақыты аяқталған жағдайда есептеу құралдарын ауыстыруға өтінім қалдыру телефоны: 32-02-07  

Бұл телефон нөмірі бойынша өтінімдер жеке және заңды тұлғалардан алынады.

Тұтынушылардың ыңғайы үшін, қалалықтардың уақытын үнемдеу үшін, өтінім бойынша, «Қарағанды Су» ЖШС-нің қызметкері сізге жаңа есептеу құралымен келіп, оны бірден орната алады.

Сізге «Қарағанды Су» ЖШС-не су үшін дұрыс төлем жасауға қажетті есептеу құралын орнату актісін тапсыру үшін уақыт жоғалтудың қажеттілігі болмайды, сіз үшін бұл жұмысты «Қарағанды Су» ЖШС қызметкерлері өздері жасайтын болады.  

 

Сізге есептеу құралын орнату/ауыстыру үшін хабарласу телефонын еске саламыз: 32-02-07