«Қарағанды Су» ЖШС-і Қазақстан Республикасының 28.12.2018 жылғы №204-VI ҚРЗ  «Табиғи монополиялар туралы» заңына сәйкес тұтынушыларға суық сумен жабдықтаужәне ағынды суларды қабылдау бойынша қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасының 09.07.2003 жылғы Су кодексінің 92-7 бабының 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес «Суды есепке алудың үйге ортақ аспабы арқылы көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) есепке алу міндетті болып табылады». Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 215- бабына сәйкес «Үлесті меншіктің әрбір қатысушысы ортақ мүлік бойынша өз үлесіне сәйкес салықтар, алымдар және өзге де төлемдер төлеуге, сондай-ақ оны күтіп ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға қатысуға міндетті».                                                                                                                                              Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері, үйге ортақ суды есепке алу аспабы бойынша коммерциялық есепке алу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі  Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығымен бекітілген Елді мекендерді сумен жабдықтау және ( немесе ) су бұру қызметтерінің ұсынылған көлемдерін есептеу  Әдістемесінің (бұдан әрі – Әдістеме ) 3-тарауының 16- тармағының 3 және 5- тармақшаларына сәйкес  жүргізіледі.         Үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты пәтерлер, жанастыра салынған және жапсарлас салынған тұрғын емес үй-жайларыдның иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған су көлемдеріне барабар мөлшерде төлеуге жатады.        Жоғарыда айтылғандар негізінде, «Қарағанды Су» ЖШС-і 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап суды есепке алудың үйге ортақ есепке алу аспабы бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің коммерциялық есебін енгізу туралы хабарлайды.     «Қарағанды Су» ЖШС

Суды авариялық ажырату 02.09.2022

 

Құрметті тұтынушылар:  Жамбыл көш. 1-14, Сәрсеков 12-57, Доскей 1-9, Абай көш. 1-26, Костенко 1-14, Б. Жырау 2-38 (көшенің жұп жағы), Лобода 1-14, Назарбаев 1-37, 2-30, Әлиханов көш. 7,7а,11,  Ерубаев 1-44,
Алалыкин көш. 7-13, Чижевского 1-7!

 

2022 жылдың 7 қыркүйегінде «Қарағанды ​​Су» ЖШС Ерубаев көшесі  бойындағы –Абай көшесінен Әлиханов көшесіне дейінгі жаңа су құбыры желісін пайдалануға беру бойынша жұмыстарды жүргізеді.

Осыған байланысты, 2022 жылдың 7 қыркүйегінде сағат 08.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс уақытында жоғарыда аталған мекенжайларға су беру тоқтатылады.

Су құбырының жаңа учаскесін пайдалануға беру аяқталғаннан кейін су құбыры желілерін дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Су ауыз су нормасы шегіндегі хлор дозасымен беріледі.

Тұтынушыларға ауыз судың қажетті қорын алып алуды ұсынамыз.

 

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.