«Қарағанды Су» ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тұтынушыларының назарына жеткізеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің       2025 жылғы  24 қаңтардағы № 10-ОД бұйрығына сәйкес реттелетін қызметтерге арналған инвестициялық бағдарламалардың бекітілуіне, стратегиялық тауар (электр энергиясы, сатып алынған су) құнының өзгеруіне байланысты, статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақының өзгеруі,  сондай-ақ, «Қарағанды Су» ЖШС-нің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 81 бұйрығына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерінің бекітілген тарифтік сметасының көлемі ұлғаюына және нақты шығындарының қысқаруына байланысты 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2025 жылға арналған тарифтер бекітілді:             1. Сумен жабдықтау қызметтеріне: Магистральдық құбырлар (техникалық су) арқылы су беру ҚҚС есебімен      1 м3 үшін 53,5 теңге мөлшерінде; Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 180,07 теңге мөлшерінде; «Оқжетпес-Т» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 169,75 теңге мөлшерінде; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін            269,38 теңге             мөлшерінде; «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 266,46 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 873,66 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 аспайтын ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 662,85 теңге мөлшерінде; Басқа заңды тұлғалар үшін жылына тұтыну көлемі 5 мың м3 және оданда көп        ҚҚС             есебімен 1 м3 үшін 1465,13 теңге мөлшерінде.               2. Су бұру қызметтеріне: Халық үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 234,80 теңге мөлшерінде; Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін  ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 1006,72 теңге мөлшерінде; Басқа тұтынушылар үшін ҚҚС есебімен 1 м3 үшін 988,72 теңге мөлшерінде.

Сақ болыңыз, су сүзгілері

В Соңғы уақытта Қарағанды қаласында қала тұрғындарының пәтерлерінен құбыр суын талдауға алуды ұсыну жайттары жиілеп кетті. Мұндай ұсыныстар пәтерлерге қоңырау шалу немесе алдын-ала ескертусіз коммерциялық агенттердің пәтерге келулері арқылы тарап жатыр. Бұл үшін, әдетте, жосықсыз жарнама амалдары пайдаланылады. Бұл компаниялардың өкілдері қалалықтарды құбыр суының сапасы қанағаттанғысыз екендігіне көндіріп, өз өнімдерін сату үшін сумен химиялық тәжірибелер жасап көрсету тәсілі арқылы түрлі су сүзгілерін сатып алу қажет екендігіне көндіреді. Кейбір жағдайларда олар өздерін Су каналының немесе «Қарағанды Су» ЖШС-нің қызметкерлері ретінде таныстырады. Осыған байланысты Қарағанды қаласының тұрғындарына келесі мәліметтер арқылы түсінік беруді қажет деп есептейміз:

1.      

«Қарағанды Су» ЖШС Қарағанды, Теміртау қалалары мен Ақтас ауылы тұрғындарын «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №209 бұйрығымен бекітілген Санитарлық ережелердің нормативтік талаптарына сәйкес сумен қамтамасыз етеді.

2.      

«Қарағанды Су» ЖШС қызметкерлері ауыз суды тазартуға арналған тұрмыстық су сүзгілерін сатып алуды ұсынбайды және орнатпайды.

3.      

Біздің мамандар қалалықтарға тұрмыстық су сүзгілерін сату мақсатында тұрғындардың пәтерлерінде су үлгілерін алмайды. 

4.      

«Қарағанды Су» ЖШС мамандары тұтынушыларға тұрмыстық сүзгілерді сату үшін несие алуды ұсынбайды және несие рәсімдемейді.

5.      

Судың сапасы туралы сарапшылық тұжырымға тек ауыз судың сапасын бақылауға арналған тағайындауға ие аттестацияланған лабораториялар жасайтын талдау нәтижелері (зерттеулер хаттамалары) ғана негіз бола алады.

6.      

 Ауыз суда нормативті талаптар шегіндегі ерітілген тұздардың кейбір мөлшері әрқашан болады. Олардың болуын кейбір физикалық-химиялық тәжірибелер (электролиз, түссіз реагенттерді қосу) негізінде анықтауға болады. «Ғажайып-құралдар» «ауыр металдар» және өзге де «зиян» немесе «қауіпті» заттардың бар болуын емес, тек суда еритін тұздардың болуын көрсететіндігі туралы айтылмай, құбыр суы мен сүзілген судың сапасына қатысты теріс ақпарат беріп, адамдарды жаңылыстырады. Сондықтан, егер Сізге осы тәрізді су құбыры суымен тәжірибелер жасап көрсетіп, су түсінің өзгеруі, тұнбаның түзілуі немесе басқа да нәтижелердің салдарынан бұл нәтижелер судың сапасының нашар екендігінің дәлелі деп сендірсе, Сізді алдауға тырысатынын ескеріңіз! Не үшін? Қымбат тұратын құрылғыны сатып алуға көндіру үшін.

7.      

Егер Сізге өздерін «Қарағанды Су» ЖШС немесе Су каналының (Қарағанды қаласында жоқ ұйым) маманы ретінде таныстырып, су сүзгішін орнатуды ұсынған болса, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.     

«Қарағанды Су» ЖШС құбыр суының сапасы мәселесінде айқындық саясатын жүргізеді. «Қарағанды Су» ЖШС зертханасы тұтынушылар құқығын қорғау Басқармасымен бекітілген қаланың су құбыры таратушы желілерінің бақылау орындарында үлгілерді алу кестесіне сәйкес тәулік бойы ауыз судың сапасын бақылауды жүргізеді. Әрі күнделікті, жүйелі бақылауды тек «Қарағанды Су» ЖШС зертханасы ғана емес, тұтынушылар құқығын қорғау бойынша Басқарманың зертханасы да жасайды. Ай сайын су үлгілері қала аумағы бойынша біркелкі үлестірілген 220 орында – әлеуметтік маңызы бар балабақшалар, ауруханалар, мектептер, спорт кешендері, дәріханалар және т.б. нысандар мен ұйымдардан алынады. «Қарағанды Су» ЖШС ауыз су сапасын бақылау зертханасы 67 көрсеткіш (53 химиялық, 9 паразитологиялық және 5 микробиологиялық) бойынша ауыз судың талдауын жүргізеді.    

«Қарағанды Су» ЖШС Қарағанды қаласының тұтынушыларына беретін ауыз судың сапасы «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы №209 бұйрығымен бекітілген Санитарлық ережелердің талаптарына барлық көрсеткіштер бойынша сәйкес келеді.

 

 

 

«Қарағанды Су»  ЖШС

Баспасөз қызметі